О районном бюджете Алтынсаринского района на 2007 год
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О районном бюджете Алтынсаринского района на 2007 год
- Атауы (қаз.)
- Алтынсарин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 247
- Қабылданған күні
- 21.12.2006
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.01.2007
- Көрсетілген редакция
- 21.12.2006 30955_289456.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.12.2006
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V06NE000037
- ЭКБ идентификаторы
- 30955
- Редакция идентификаторы
- 30955_289456
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 16:23
Алтынсарин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
1. Алтынсарин ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 447776 мың теңге, оның ішінде:
салықтық емес түсімдер бойынша - 836 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша - 1816 мың теңге;
ресми трансферттер түсімдері бойынша - 285844 мың теңге;
2) шығыстар - 447776 мың теңге;
3) операциялық сальдо - 0 мың теңге;
4) таза бюджеттік несиелеу - 0 мың теңге;
5) тапшылық (профицит) - 0 мың теңге.
2. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің кірістері Бюджеттік және Салықтық кодекстеріне сәйкес қалыптастырылды және бюджет кірісіне, облыстық бюджетке есептелінетін түсімдерден басқасы, толық көлемде есептеледі.
3. 2007 жылға арналған бюжетте облыстық бюджеттен берілетін 217 767 мың теңге сомасындағы субвенциялар көлемі ескерілсін.
5. Облыстық бюджетте ауданның бюджетіне мақсатты ағымдағы трансферттер мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік қызметші емес мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің жалақысын 53923 мың теңге сомасында көбейтуге қарастырылғанын ескерілсін.
6. Облыстық бюджетте ауданның бюджетіне автомобиль жолдарының қызметін қамтамасыз етуге 9533 мың теңге сомасында мақсатты ағымдағы трансферттер қарастырылғаны ескерілсін.
7. Білім беру ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыру және күрделі жөндеуіне қарастырылған шығыстар, бюджеттік аралас қатынастарымен белгіленген көлемінен төмен емес, 2-қосымшаға сәйкес ескерілсін.
8. 2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының жергілікті атқарушы органның резерві - 900 мың теңге көлемінде бекітілсін, оның ішінде:
- шұғыл шығындарға - 800 мың теңге.
9. 2007 жылға арналған аудандық бюджетін орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын аудандық бюджеттік бағдарламалардың тізімі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
10. Ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің, бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
11. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енеді.
2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының бюджеті
Алтынсарин аудандық
мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 247 шешіміне
1-қосымша
2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының бюджеті
2004 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1459 Жарлығымен бекітілген 2005 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттің шығыстары
Алтынсарин аудандық
мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 247 шешіміне
2-қосымша
2004 жылғы 11 қазандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 1459 Жарлығымен бекітілген 2005 – 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы білімді дамыту мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыруға жергілікті бюджеттің шығыстары
2007 жылға арналған бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
Алтынсарин аудандық
мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 247 шешіміне
3-қосымша
2007 жылға арналған бюджетті орындау барысында секвестрлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізбесі
2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі
Алтынсарин аудандық
мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 247 шешіміне
4-қосымша
2007 жылға арналған Алтынсарин ауданының ауыл (село), ауылдық (селолық) округтердің бюджеттік бағдарламаларының тізбесі