2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 85-бабына сәйкес қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы от 13.12.2006 г. № 209 (2007 жылға арналған қалалық бюджет туралы)
1. Кентау қаласының 2007 жылға арналған қалалық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1)кірістер-1945646 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер-326060 мың теңге;
салықтық емес түсімдер-940 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер-35000 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері- 1583646 мың теңге;
2)шығындар-1945646 мың теңге;
3)операциялық сальдо-0;
4)таза бюджеттік кредит беру-0;
5)қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо-0;
6)бюджет тапшылығы-0;
7)бюджет тапшылығын қаржыландыру-0.
2. 2007 жылы салық түсімдерінен қаланың бюджетіне жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз аударылатын болып бекітілсін.
3. Қала әкімдігінің 2007 жылға арналған резерві 26200 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде:
төтенше резерві-2000 мың теңге;
шұғыл шығындарға арналған резерві-16600 мың теңге;
соттардың шешімдері бойынша міндеттемелерді орындауға арналған резерві-7600 мың теңге.
4. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аймақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес 2007 жылға қалалық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.
5. 2007 жылға арналған жергілікті бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
6. Кентау қаласының ауыл және поселкелік әкімдер аппараттарының 2007 жылға арналған шығындары 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
7. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.