Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы

Өзге акт · № 30-2-317 · қабылданған 21.12.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-ekb-31157/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы Қолданыста 21.12.2006 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы

Қолданыста Өзге акт № 30-2-317 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Атауы (қаз.)
2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
30-2-317
Қабылданған күні
21.12.2006
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2007
Көрсетілген редакция
21.12.2006 · қолданыстағы 31157_320773.kaz
Соңғы өзгеріс
21.12.2006
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06UK000059
ЭКБ идентификаторы
31157
Редакция идентификаторы
31157_320773
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:23
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2007 жылға арналған аудандық бюджет туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Қазақстан Республикасының Заңына, 2004 жылғы 24 сәуірдегі №548-11 Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, осы заңға өзгерістер енгізілген 2006 жылғы 5 шілдесіндегі № 165-III Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексіне, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2006 жылғы 7 желтоқсанындағы №27/305-111 шешіміне және Сарыағаш ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 12 желтоқсанындағы № 1219 қаулысына сәйкес Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Сарыағаш ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:

1)кірістер - 4818355,0 мың теңге, оның ішінде;

салықтық түсімдер - 972158,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 2339,0 мың теңге;
негізгі капиталдан түсетін түсімдер - 215653,0 мың теңге;
ресми трансферттердің түсімдері - 3618205,0 мың теңге, оның ішінде;
-субвенция - 2743877,0 мың теңге;
-ағымдағы нысаналы трансферттер - 746702,0 мың теңге;
-нысаналы даму трансферттер - 127626,0 мың теңге;

2)шығындар - 4818355,0 мың теңге;

3)операциялық сальдо - 0;

4)бюджеттік кредиттерді өтеу - 0 мың теңге;

5)бюджет профициті - 0 мың теңге;

6)бюджет профицитін пайдалану - 0 мың теңге;

2. 2007 жылы салық түсімдерінен облыстың аудандары мен қалаларының бюджетіне жеке табыс салығынан және әлеуметтік салықтан 50 пайыз аударылатын болып бекітілсін.

3. Ауданның жергілікті атқарушы органының 2007 жылға арналған резерві 9600,0 мың теңге сомасында белгіленсін, оның ішінде;

шұғыл шығындарға арналған резерві - 4800,0 мың теңге;
төтенше резерві - 4800,0 мың теңге.

4. «Қазақстан Республикасында ауылды, селоны және аграрлық- өнеркәсіптік кешенді дамытудың басымдылығы туралы » Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 13-ақпанындағы Заңының 44-бабына сәйкес 2007 жылға аудандық бюджеттен қаржыландырылатын ауылды жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына қала жағдайында осы қызмет түрлерімен айналысатын мамандардың ставкаларымен салыстырғанда айлықтары мен тарифтік ставкаларының 25 пайызы мөлшерінде үстеме ақы төлеу үшін қаржы қарастырылсын.

5. 2007 жылға арналған бюджеттің атқарылуы процесінде секвестрлеуге жатпайтын жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.