Сарқан ауданындағы автотұрақтар, автокөліктерге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне 2007 жылы салынатын
салық ставкалары туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексінің) 337 бабының 1, 2 тармақтарына және 338 бабының 1 тармағына сәйкес, Сарқан аудандық Мәслихаты ШЕШІМ қабылдады:
Сарқан ауданындағы автотұрақтар, автокөліктерге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне 2007 жылы салынатын салық ставкалары туралы от 20.12.2006 г. № 44-250 (Сарқан ауданындағы автотұрақтар, автокөліктерге май құю станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне 2007 жылы салынатын салық ставкалары туралы)
1. Сарқан ауданындағы елді мекендерде автотұрақтар, автомобильге
май құю станциялары орналасқан және сауда орындары тікелей орналасқан
елді мекендердің базарлар аумағына бөлінген салынатын салық ставкалары
төмендегідей бекітілсін:
1) Сарқан қаласында:
I аймақ - 20 теңге 84 тиын
II аймақ - 23 теңге 16 тиын
III аймақ - 25 теңге 48 тиын
ІҮ аймақ - 27 теңге 80 тиын
2) Лепсі кентінде: 3 теңге 45 тиын
3) Екіаша ауылы: 2 теңге 30 тиын
4) Қойлық ауылы: 2 теңге 30 тиын
5) Алмалы ауылы: 2 теңге 50 тиын
2. Сарқан аудандық Әділет басқармасында 2006 жылы 6 қаңтарда 2-17-17
нөмірімен мемлекеттік тіркеуден өткізілген Сарқан аудандық
Мәслихатының «Сарқан ауданында автотұрақтар, автомобильге май құю
станциялары және базарлар орналасқан жер учаскелеріне 2006 жылы
салынатын салық ставкалары туралы» 2005 жылы 20 желтоқсандағы 33-183 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі.