2007 жылғы сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 27-ші бабының 2-ші тармағына және 491-ші бабының 2-ші тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 11 бап 1; 3 тармақтарына сәйкес аудандық Маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы от 20.12.2006 г. № 34/332 (2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы)
1. 2006 жылға сыртқы /көрнекі/ жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары қосымша бойынша бекітілсін.
2. Аудандық салық комитетіне, барлық салық төлеушілерге жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері үшін төлемақыны осы ставкаларды қолданып есептеу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожинға жүктелсін.
Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы
20 желтоқсандағы XXXIV сессиясының
№34/332 шешіміне
қосымша
Шет ауданы бойынша сыртқы /көрнекі/ жарнамалар оналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары
№
Жарнама түрі
Өлшем бірлігі
Елді мекендерде
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінде
Абсолюттік сомасы
Абсолюттік сомасы
1
Сыртқы /көрнекі/ жарнама – көлемі 2 шаршы метрге дейін
теңге
546
546
2
Сыртқы /көрнекі/ жарнама – көлемі 2,1-ден 5 шаршы метрге дейін
теңге
1092
1092
3
Сыртқы /көрнекі/ жарнама – көлемі 5,1-ден 10 шаршы метрге дейін
теңге
1638
1638
4
Дүңгіршектер, дүкендер, жанар жағар май құю стансаларында, уақытша және кіші архитектуралық формадағы павильондарда
теңге
546
546