2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылғы сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 27-ші бабының 2-ші тармағына және 491-ші бабының 2-ші тармағына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының «Жарнама туралы» Заңының 11 бап 1; 3 тармақтарына сәйкес аудандық Маслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2006 жылға сыртқы /көрнекі/ жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары қосымша бойынша бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудандық салық комитетіне, барлық салық төлеушілерге жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері үшін төлемақыны осы ставкаларды қолданып есептеу тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ю.Бекқожинға жүктелсін.
Басқа 4. Шет ауданы бойынша сыртқы /көрнекі/ жарнамалар оналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары
Аудандық Мәслихаттың 2006 жылғы 20 желтоқсандағы XXXIV сессиясының №34/332 шешіміне қосымша Шет ауданы бойынша сыртқы /көрнекі/ жарнамалар оналастырғаны үшін бір айлық төлемақы ставкалары № Жарнама түрі Өлшем бірлігі Елді мекендерде Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының белдеуінде Абсолюттік сомасы Абсолюттік сомасы 1 Сыртқы /көрнекі/ жарнама – көлемі 2 шаршы метрге дейін теңге 546 546 2 Сыртқы /көрнекі/ жарнама – көлемі 2,1-ден 5 шаршы метрге дейін теңге 1092 1092 3 Сыртқы /көрнекі/ жарнама – көлемі 5,1-ден 10 шаршы метрге дейін теңге 1638 1638 4 Дүңгіршектер, дүкендер, жанар жағар май құю стансаларында, уақытша және кіші архитектуралық формадағы павильондарда теңге 546 546