Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Өзге акт · № 50-180 · қабылданған 20.12.2006
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-ekb-31317/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы Қолданыста 20.12.2006 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Қолданыста Өзге акт № 50-180 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Атауы (қаз.)
Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
50-180
Қабылданған күні
20.12.2006
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2007
Көрсетілген редакция
20.12.2006 · қолданыстағы 31317_250509.kaz
Соңғы өзгеріс
20.12.2006
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V06DJ021035
ЭКБ идентификаторы
31317
Редакция идентификаторы
31317_250509
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:27
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Іле ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы

Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
баскару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына және Алматы облыстық мәслихаттынң 2006 жылдың 12 желтоқсанындағы № 34-250 «2007 жылға арналған Алматы облыстық бюджет туралы» шешіміне сәйкес, Іле аудандык мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. 2007 жылға арналған аудандык бюджет 1 косымшаға сәйкес төмендегі көлемдерде бекітілсін:

1) Кірістер-8575007 мың теңге,

соның ішінде:
салықтық түсімдер бойынша -7157411 мың теңге;
салықтық емес түсімдер бойынша -14145 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша -371782 мың теңге;
трансферттердің түсімдері бойынша -1031669 мың теңге,
соның ішінде:
мемлекеттік қызметкерлерге, мемлекеттік кызметкер емес мемлекеттік мекеме кызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың жұмысшыларына
жалақы төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер-247500 мың теңге;
балаларды тестілеу пункттеріне жеткізіп, тұратын орындары мен тамақтандыруды ұйымдастыруға ағымдағы нысаналы трансферттер-1153 мың теңге;
физика, химия, биология кабинеттерін оқулық құралдармен жабдықтауға нысаналы трансферттер-16920 мың теңге;
қайта енгізілген білім беру объектілерін ұстауға ағымдағы нысаналы трансферттер-22822 мың теңге;
орташа жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінің типтік штаттарын ұстауды қамтамасыз етуге ағымдағы нысаналы трансферттер-46069 мың теңге;
орташа жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафондық және мультимедиялық кабинеттерді құруға ағымдағы нысаналы трансферттер-4874 мың теңге;
Интернетке қосылуға және орташа жалпы білім беру мемлекеттік мекемелерінің трафигінн төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер-2877 мың теңге;
орташа жалпы білім беру мемлекеттік мекемелеріндегі кітапханалық қорды жаңарту үшін оқыту-әдістемелік кешені мен оқулықтарды сатып алу және жеткізіп беруге ағымдағы нысаналы трансферттер-5610 мың теңге;
табысы аз отбасыларындағы 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар төлеуге ағымдағы нысаналы трансферттер-15561 мың теңге;
әлеуметтік қорғалымдағы азаматтарға телефонға абоненттік төлем тарифінің көтерілуі өтемақысына ағымдағы нысаналы трансферттер-45 мың теңге;
мүгедектерді арнайы гигиеналық құралдармен және ымдасу тілінің мамандарын, дербес көмекшілердің көрсететін қызметін қамтамасыз етуге ағымдағы нысаналы трансферттер-3128 мың теңге;
мемлекеттік басқару деңгейлері арасында өкілеттіктерді шектеу шеңберінде берілетін әкімшілік функцияларға ағымдағы нысаналы трансферттер-2807 мың теңге;
инженерлік-коммуникациялық жүйенің құрылысын дамыту үшін нысаналы трансферттер-264000 мың теңге;
сумен жабдықтау жүйесін дамытуға нысаналы трансферттер-127411 мың теңге;
білім беру объектілерінің құрылысын дамытуға нысаналы трансферттер-270892 мың теңге;

2) Шығындар-8728777 мың теңге,

соның ішінде:
бюджеттік алымдар-6063904 мың теңге;

3) Операциялық сальдо—153770 мың теңге;

4) Таза бюджеттік кредиттеу-0 теңге;

5) Қаржылық активтермен опреациялар бойынша сальдо-0 теңге;

6) Бюджет тапшылығы (профицит)—153770 мың мың теңге;

7) Бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)-153770 мың мың теңге.

4. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті дамытудың жергілікті бюджеттік бағдарлама тізімі 3 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

5. 2007 жылға арналған аудандық бюджетті орындау барысында секвестрге жатпайтын бюджеттік бағдарламары тізбесі 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.

6. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылдың 6 қаңтарындағы номері 2-10-22 болып тіркелген, 2005 жылғы 20 желтоқсандағы № 35-128 «Іле ауданының 2006 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» шешімінің күші жойылсын.

7. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:

«Іле аудандық экономика және

бюджетті жоспарлау бөлімі» мемлекеттік

мекемесі бастығының

міндетін атқарушы

_________Мишнева Наталья Ивановна