2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 27 бабының 2-ші тармағына және 491 бабының 2 тармағына, және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 1-ші, 3-ші тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы от 21.12.2006 г. № 360 (2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы)
1. 2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлем ақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Барлық салық төлеушілерге жергілікті маңызы бар жалпы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері үшін төлемақыны осы ставкаларды қолданып есептеу Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Б.З.Тлеубергенов) тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әмірқасымовқа жүктелсін.
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданы бойынша салық
комитетінің төрағасы
Б.Тлеубергенов
21.12.2006 жыл
Ақтоғай аудандық мәслихатының
2006 жылғы 21 желтоқсандағы
32 сессиясының №360 шешіміне
қосымша
Ақтоғай ауданы аумағында орналастырылатын сыртқы жарнамаға ай сайын төлем мөлшерлемесі
№
Мазмұны
Жарнаманың ерекше бақылау аймағы (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда)
Жарнаманың жалпы бақылау аймағы (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда)
Поселкеден шығу /автожол/ (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда)
1
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 2 шаршы метрге дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лейтбокстарда)
200
100
100
2
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 5,1 ш.м 10 ш.м дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лейтбокстарда)
300
200
100
3
Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 5,1 ш.м 10 ш.м дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лейтбокстарда)
400
300
200
4
Уақытша үлгідегі дүңгіршіктер мен павильондарда және шағын архитектуралық үлгілерде
200
100
100