2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлемақы ставкаларын белгілеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 27 бабының 2-ші тармағына және 491 бабының 2 тармағына, және «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабының 1-ші, 3-ші тармақтарына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылға сыртқы (көрнекі) жарнамалар орналастырғаны үшін төлем ақы ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Барлық салық төлеушілерге жергілікті маңызы бар жалпы ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнама объектілері үшін төлемақыны осы ставкаларды қолданып есептеу Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетіне (Б.З.Тлеубергенов) тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Әмірқасымовқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік өткен соң қолданысқа енгізіледі. КЕЛІСІЛДІ Ақтоғай ауданы бойынша салық комитетінің төрағасы Б.Тлеубергенов 21.12.2006 жыл
Басқа 5. Ақтоғай ауданы аумағында орналастырылатын сыртқы жарнамаға ай сайын төлем мөлшерлемесі
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2006 жылғы 21 желтоқсандағы 32 сессиясының №360 шешіміне қосымша Ақтоғай ауданы аумағында орналастырылатын сыртқы жарнамаға ай сайын төлем мөлшерлемесі № Мазмұны Жарнаманың ерекше бақылау аймағы (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда) Жарнаманың жалпы бақылау аймағы (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда) Поселкеден шығу /автожол/ (айлық есеп көрсеткішінен пайызбен алынғанда) 1 Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 2 шаршы метрге дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лейтбокстарда) 200 100 100 2 Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 5,1 ш.м 10 ш.м дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лейтбокстарда) 300 200 100 3 Жергілікті маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын және елді мекендерде орналастырылатын жарнамалар объектілерін орналастыру – 5,1 ш.м 10 ш.м дейін (жерде, іргеде, үй төбесінде, лейтбокстарда) 400 300 200 4 Уақытша үлгідегі дүңгіршіктер мен павильондарда және шағын архитектуралық үлгілерде 200 100 100