Қолданыстағы ред. 07.12.2006

2007 жылға ұсынылған ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалары және бірыңғай акциз ставкасы туралы от 07.12.2006 г. № 28-10 (2007 жылға ұсынылған ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалары және бірыңғай акциз ставкасы туралы)

0

2007 жылға ұсынылған
ойын бизнесіне қатысты тіркелген
жиынтық салық ставкалары және
бірыңғай акциз ставкасы туралы.
Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бап 1 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 қаңтар 2000 жылғы №137 санды «Акциздік белгісі бар тауарлардың акциздік ставкасын анықтау, Қазақстан Республикасының кеден аймағына, тасып әкелу және Қазақстан Республикасының кеден аймағына өткізілуі» жөніндегі қаулысына өзгерістер енгізу туралы №476 санды 26 сәуір 2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-2 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 258 бабының 4 тармағына, 394 бабына және аудандық әкімияттың 2006 жылғы 15 қарашадағы №393-і «2007 жылғы ойын бизнесіне қатысты жиынтық салық ставкасы және бірыңғай акциз ставкасы туралы» қаулысына сәйкес аудандық Мәслихаттың ХХVІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалар мен бірыңғай акциз ставкалары төмендегідей болып бекітілсін:
2007 жылғы ұсынылған ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық ставкасы:

Ойын бизнесінің түрлері және салық салынатын обьектілер
Қазақстан Республикасының өкімет қаулысына сәйкес бекітілген (айлық есепті көрсеткішпен есептеген)
2017 жыл Салық Комитетінің ұсынымы
Минималдық базалық ставкасы
Максималдық базалық ставкасы
1
Әрбір ойын столы үшін
2200
5000
2200
2
Ақшалай ұтысты әрбір Ойын автоматты үшін 1 Адам
50
130
100
3
Ақшалай ұтысты әрбір Ойын автоматы үшін 1 Адамнан жоғары
80
180
80
4
Электрондық рулетка
100
250
100
5
Тотализатордың әр Кассасы үшін
200
700
200
6
Букмекерлік кеңсе Кассасы
100
750
100
7
Ақшалай ұтысы жоқ әрбір ойын автоматы үшін 1 адам
10
140
10
8
Ақшалай ұтысы жоқ әрбір ойын автоматы үшін 1 адамнан жоғары
15
210
15
9
Дербес ойын компьютері үшін
10
50
10
10
Боулинг әрбір ойын жолы үшін
55
1000
55
11
Карт
25
150
25
12
Бильярд столы үшін
30
330
30
13
Лото ойыны
80
600
80
Ескертпе: 1/ минималдық және максималдық базалық ставкалары бір жылға есептелінген
2/ айлық есептік көрсеткіш 2007 жылға қабылданған республикалық бюджет заңына сәйкес.

2

2. Ойын бизнесіне қатысты бірыңғай акциз ставкалары:

Бизнес түрі
Салық салынатын обьект
Акциз ставкасы
Айлық есептік көрсеткішпен
1
Ойын бизнесі /лотереядан басқасы/
А) Ойын столы
500
Ә) Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
20
Б) Тотализатордың касса
160
В) Букмекер кеңселерінің Кассасы
40
2
Лотереяны ұйымдастыру және өткізу
Жүлделік қорды қоспағандағы өтінімінен (выручка) түсетін түсім
10 пайыз
Ескертпе: Айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2007 жылы қабылданатын Республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес

3

3. «Аудан көлемінде 2006 жылға ойын бизнесінің жиынтық салық және акциздік мөлшерін бекіту туралы» ауданлық Мәслихаттың 23 қараша 2005 жылғы №19/7 шешімінің күші жойылсын.

4

4. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.