2007 жылға ұсынылған ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалары және бірыңғай акциз ставкасы туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.12.2006. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға ұсынылған ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалары және бірыңғай акциз ставкасы туралы. Қазақстан Республикасының 23 қаңтар 2001 жылғы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бап 1 тармағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 28 қаңтар 2000 жылғы №137 санды «Акциздік белгісі бар тауарлардың акциздік ставкасын анықтау, Қазақстан Республикасының кеден аймағына, тасып әкелу және Қазақстан Республикасының кеден аймағына өткізілуі» жөніндегі қаулысына өзгерістер енгізу туралы №476 санды 26 сәуір 2002 жылғы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына, сонымен қатар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы №209-2 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 258 бабының 4 тармағына, 394 бабына және аудандық әкімияттың 2006 жылғы 15 қарашадағы №393-і «2007 жылғы ойын бизнесіне қатысты жиынтық салық ставкасы және бірыңғай акциз ставкасы туралы» қаулысына сәйкес аудандық Мәслихаттың ХХVІІІ сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық салық ставкалар мен бірыңғай акциз ставкалары төмендегідей болып бекітілсін: 2007 жылғы ұсынылған ойын бизнесіне қатысты тіркелген жиынтық ставкасы: № Ойын бизнесінің түрлері және салық салынатын обьектілер Қазақстан Республикасының өкімет қаулысына сәйкес бекітілген (айлық есепті көрсеткішпен есептеген) 2017 жыл Салық Комитетінің ұсынымы Минималдық базалық ставкасы Максималдық базалық ставкасы 1 Әрбір ойын столы үшін 2200 5000 2200 2 Ақшалай ұтысты әрбір Ойын автоматты үшін 1 Адам 50 130 100 3 Ақшалай ұтысты әрбір Ойын автоматы үшін 1 Адамнан жоғары 80 180 80 4 Электрондық рулетка 100 250 100 5 Тотализатордың әр Кассасы үшін 200 700 200 6 Букмекерлік кеңсе Кассасы 100 750 100 7 Ақшалай ұтысы жоқ әрбір ойын автоматы үшін 1 адам 10 140 10 8 Ақшалай ұтысы жоқ әрбір ойын автоматы үшін 1 адамнан жоғары 15 210 15 9 Дербес ойын компьютері үшін 10 50 10 10 Боулинг әрбір ойын жолы үшін 55 1000 55 11 Карт 25 150 25 12 Бильярд столы үшін 30 330 30 13 Лото ойыны 80 600 80 Ескертпе: 1/ минималдық және максималдық базалық ставкалары бір жылға есептелінген 2/ айлық есептік көрсеткіш 2007 жылға қабылданған республикалық бюджет заңына сәйкес.
Тармақ 2
2. Ойын бизнесіне қатысты бірыңғай акциз ставкалары: № Бизнес түрі Салық салынатын обьект Акциз ставкасы Айлық есептік көрсеткішпен 1 Ойын бизнесі /лотереядан басқасы/ А) Ойын столы 500 Ә) Ақшалай ұтысы бар ойын автоматы 20 Б) Тотализатордың касса 160 В) Букмекер кеңселерінің Кассасы 40 2 Лотереяны ұйымдастыру және өткізу Жүлделік қорды қоспағандағы өтінімінен (выручка) түсетін түсім 10 пайыз Ескертпе: Айлық есептік көрсеткіш мөлшері 2007 жылы қабылданатын Республикалық бюджет туралы Заңына сәйкес
Тармақ 3
3. «Аудан көлемінде 2006 жылға ойын бизнесінің жиынтық салық және акциздік мөлшерін бекіту туралы» ауданлық Мәслихаттың 23 қараша 2005 жылғы №19/7 шешімінің күші жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.