2007 жылы атқарылатын ақылы
қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, 37-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы от 03.01.2007 г. № 1 (2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы)
1. 2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстар қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын.
2. Мекемелердің басшылары қосымшада көрсетілген жұмыс түрлері мен көлемдеріне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім шартқа отыру көзделсін.
3. «Аманкелді ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жұмыссыздардың атқарған ақылы қоғамдық жұмыстарының түрлері мен көлемдеріне және жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақыларын бақылап отыру тапсырылсын.
4. Мекемелермен келісім шартқа отыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
5. «Аман-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ақылы қоғамдық жұмыстарға сәйкес істелінген жұмыс түрлері мен көлемдеріне еңбек ақы есептейтін болсын (келісім бойынша).
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
Аманкелді ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 3 қаңтардағы
№ 1 қаулысына
қосымша
2007 жылы ұйымдастырылатын ақылы
қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Кв. м. - шаршы метр
М. куб - текше метр
Тн - тонна
П. м. - қума метр
Км - шақырым