2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 03.01.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағы 14) тармақшасына, 37-бабы 1-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылдың 19 маусымындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, Аманкелді ауданының әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы атқарылатын ақылы қоғамдық жұмыстар қосымшаға сәйкес ұйымдастырылсын.
Тармақ 2
2. Мекемелердің басшылары қосымшада көрсетілген жұмыс түрлері мен көлемдеріне сәйкес жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен келісім шартқа отыру көзделсін.
Тармақ 3
3. «Аманкелді ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жұмыссыздардың атқарған ақылы қоғамдық жұмыстарының түрлері мен көлемдеріне және жергілікті бюджеттен төленетін еңбек ақыларын бақылап отыру тапсырылсын.
Тармақ 4
4. Мекемелермен келісім шартқа отыру және қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру «Аманкелді аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тапсырылсын.
Тармақ 5
5. «Аман-Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны ақылы қоғамдық жұмыстарға сәйкес істелінген жұмыс түрлері мен көлемдеріне еңбек ақы есептейтін болсын (келісім бойынша).
Тармақ 6
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Ж. Тәукеновке жүктелсін.
Басқа 7. 2007 жылы ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері
Аманкелді ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 3 қаңтардағы № 1 қаулысына қосымша 2007 жылы ұйымдастырылатын ақылы қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдері Кв. м. - шаршы метр М. куб - текше метр Тн - тонна П. м. - қума метр Км - шақырым