2007 жылы жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148 және 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Тұрғындарды жұмыспен қамту туралы» № 149 Заңдарында сәйкес, тұрғындардың әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылы жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы от 08.02.2007 г. № 29/2 (2007 жылы жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар туралы)
1. Тұрғындардың мақсатты топ құрамына кіретін тұлғалардың қоса беріліп отырған тізімі бекітілсін.
2. 1 қосымша сәйкес әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктеу тәртібі анықталсын.
3. Ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ауданның кәсіпорындар мен ұйымдарымен тұрғындардың мақсатты топ құрамынан жұмыссыздар үшін 50 әлеуметтік жұмыс орнын жұмыссыздарға келісім – шарт жасау арқылы ұйымдастырылсын.
4. Ауданның қаржы бөлімі әлеуметтік жұмыс орындарын аудандық бюджеттен бекітілген қаржы шегінде уақытылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы ресми жарияланған күннен бастап заңды түрде қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О.Сағандықовқа жүктелсін.
Аудан әкімдігінің
2007 жылғы 8 ақпандағы
«2007 жылы жұмыспен қамту
саласында азаматтарды әлеуметтік
қорғау бойынша қосымша шаралар
туралы» № 29/2 қаңтардағы
қаулысына 1 қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын жұмыс берушілердің талаптарын іріктеу тәртібі
1. Осы тәртіп Қазақстан Республикасының «Тұрғындарды жұмыспен қамту» Заңының 18-1 бабының 4 тармағы сәйкес әзірленген.
2. Мақсатты топтағы жұмыссыздарға әлеуметтік жұмыс орындарын құру үшін уәкілетті органнан түскен өтініштер негізінде жұмыс берушілерді іріктейді.
3. Уәкілетті орган басшысының бұйрығымен әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруды ұсынатын жұмыс берушілерді іріктейтін комиссия құрылады. Комиссия отырысы айына бір рет өткізіледі.
4. Жұмыс берушілерден келіп түскен өтініштер кіріс құжаттарында тіркеліп, комиссияның қарауына дайындауға комиссия хатшысына беріледі.
5. Іріктеу барысында мыналар еске алынады:
а) кәсіпорынның төлем қабілеттілігі, мемлекет алдында салық және басқа міндетті төлем ақылары алдында қарыз болмауы;
б) кәсіпорынмен зейнетақы қорына және әлеуметтік сақтандыру қорларына аударымдар жасауды іске асыру;
в) ұсынылған жұмыс орнына арналған жалақы мөлшері;
г) кәсіпкер жұмыскерлерінің жалақысын уақытылы төлеу;
д) жұмыс орындарының қауіпсіздік техникалық нормаларына сәйкестігі;
е) кәсіпорын немесе мекемелерде жұмыс күні ұзақтығын, еңбек демалысын бері, еңбек демалысының пайдаланбағаны күніне өтем ақы төлеу және басқа сұрақтарды «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңының нормаларын қадағалау;
ж) жұмыссыздарға уәкілетті органмен келісім шарттың аяқталғанынан кейін тұрақты жұмыс орнына орналасу мүмкіндігі.
6. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған жұмыскерлерге кейіннен тұрақты жұмысқа орналасуға кепілдік беретін кәсіпорын мен ұйымдар іріктеледі;
7. Мәліметті тексеру барысында комиссия мүшелері жұмыс берушілердің рұқсатымен мекеме орналасқан елді мекендерге шығуға және нақты тәртіптің тармақшасы мен тармақшаларына сәйкес аудандық органдардан ақпарат сұрауға құқылы.
8. Комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді және уәкілетті орган мен жұмыс берушінің келісім шартты жасауда негізі болады.