Қолданыстағы ред. 20.12.2006 (Редакция 32168_318057.kaz)

«Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» от 20.12.2006 г. № 304 («Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы»)

0

«Науырзым ауданының 2007 жылға арналған аудандық бюджеті туралы»
Бюджет Кодексі және Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабы 1 тармағы 1 тармақшасына сәйкес Науырзым ауданы әкімдігінің қаулысын карай отырып, Науырзым аудандык мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. 2007 жылға арналған аудандык бюджет 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:

1

1) кірістер - 459168 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 87090 мың теңге;
салықтык емес түсімдер - 1125 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 370953 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 101025 мың тенге;
субвенциялар - 269928 мың теңге;

2

2) шығындар - 459168 мың теңге.

2

2. Бюджет Кодексіне сәйкес, 2007 жылы аудандық бюджетке төмендегі көрсетілген кірістер толық мөлшерде есептелетін болып белгіленсін:
жеке табыс салығы;
әлеуметтік салық;
мүлікке салынатын салықтар; жер салығы;
көлік құралдарына салынатын салықтар; акциздер;
табиғи және басқа ресурстарды пайдаланғаны үшін түсетін түсімдер;
кәсіпкерлік және кәсіби қызметті жүргізгені үшін алынатын алымдар;
басқа да салықтар;
мемлекеттік баж;
мемлекет меншігіндегі мүлікті жалға беруден түсетін кірістер;
мемлекеттік меншіктен түсетін өзге де кірістер;
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін түсімдер;
баска да салықтық емес түсімдер;

3

3. 2007 жылғы аудандық бюджетте 2006 жылдың 8 желтоқсандағы Қостанай облыстық мәслихаттың үшінші шақырылған кезекті он жетінші сессиясының № 378 шешімі бойынша мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметкерлерінің, мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлерінің еңбеқ ақысын ұлғайту үшін 52667 мың теңге және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар 12152 мың теңге көлеміндегі шығындар республикалық бюджеттен түсетін ресми трансферттер есебінен іске асырылатыны ескерілсін.

4

4. 2007 жылғы аудандық бюджетте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін 14588 мың теңге көлеміндегі шығындар облыстық бюджеттен түсетін ресми трансферттер есебінен іске асырылатыны ескерілсін.

5

5. 2007 жылғы аудандық бюджетте «ТЫҢ -2007» халықтық спорттың 22 облыстық жазғы ойындарын өткізу үшін 15618 мың теңге көлеміндегі шығындар облыстық бюджеттен түсетін ресми трансферттер есебінен іске асырылатыны ескерілсін.

6

6. 2007 жылғы аудандық бюджетте «Балдырған» бала бақшасы жанында қосымша екі топ ашуға және Шолақсай селосындағы бала-бақша жұмыскерлерінің еңбек ақысын өтеу үшін 6000 мың теңге көлеміндегі шығындар облыстық бюджеттен түсетін ресми трансферттер есебінен іске асырылатыны ескерілсін.

7

7. 2007 жылғы аудандық бюджетте Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде бөлінетін 2004 жылдың 11 қазанындағы № 1459 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған шығындар қарастырылғаны ескерілсін:
мектептерді күрделі жөндеуге - 11500 мың теңге;
жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінің кітапхана қорын жаңарту үшін оқулықтар және оқу-әдістеме жинақтарын алуға және жеткізуге - 1500 мың теңге;
жалпы орта білім беру саласында тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы жанұялар, жетім балалар, ата- ана қамқорынсыз қалған балалар үшін 7 сынып оқулықтарын алуға және жеткізуге - 1800 мың теңге;
жалпы орта білім беру мемлекеттік мекемелерінде лингафондық, мультимедиялық кабинеттерді ашуға және физика, химия, биология кабинеттерін жарақтандыруға - 6677 мың теңге;

8

8. 2007 жылғы аудандық бюджетте ауылдық жерлерде қызмет ететін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет қызметкерлерінің айлық ақыларына және тарифтік ставкаларына 25 пайыз мөлшерінде үстеме ақы қарастырылғаны ескерілсін.

9

9. 2007 жылғы аудандық бюджеттің шығындарында «Бастауыш, негізгі және орта мектептердің, мектептер-балабақшалардың қызметін жергілікті бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша ағымдағы шығындардың бір пайызынан кем емес мөлшерде жалпы міндетті орта білім оқу корының шығындары ескерілсін.

10

10. 2007 жылғы аудандық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін ауданның жергілікті атқарушы органының төтенше резерві 934 мың теңге көлемінде ескерілсін.

11

11. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің ағымдағы бюджеттік бағдарламаларының тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

12

12. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу процессінде секвестірлеуге жатпайтын бюджеттік бағдарламалардың тізімі 3-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

13

13. 2007 жылға арналған аудандық бюджеттің орындалу процессінде Науырзым ауданының ауылдық селолық округтарының бюджеттік бағдарламаларының тізімі 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.

14

14. Осы шешім 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

17