2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазакстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағы 13 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңынын 7 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы от 23.01.2007 г. № 8 (2007 жылы жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберу туралы)
1. Қоғамдық жұмыстарды 2007 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі бекітілсін (қосымша).
2. Отырар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (И.Бәкіров) бекітілген тізбеге сәйкес 2007 жылға арналған аудан бюджетінде қоғамдық жұмыстарға қарастырылған қаражат шегінде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді жүзеге асырсын.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбек-акысы бір айлык жалақының ең төменгі мөлшерінде белгіленсін.
4. Аудандық қаржы бөлімі (Д.Елбасы) қоғамдық жұмыстағы жұмыссыздардың еңбекақысын төлеуге бөлінген қаражаттың уақытылы бөлінуін қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ә.Махатай жүктелісін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап қолданысқа енеді.
Отырар ауданы әкімдігінің
23.01.2007ж. № 8
қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарды 2007 жылға ұйымдастырушы ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемі
№
Р/с
Ұйымдардың тізбесі
Жұмыстардын түрлері
Жұмыспен қамтылғандардың саны (адам)
1.
Аудан әкімшілігі, Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекеттік мекемелер
Көгалдандыру, ағаш отырғызу күтіп ұстау
150
2.
Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекегтік мекемелер
Аймақты экологиялық сауықтыру, елді мекендерді көріктендіру
175
3.
Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, білім беру және мәдениет мекемелері
Әлеуметтік, мәдени маңызы бар объектілерді салуға және жөндеуге қатысу
49
4.
Ауыл округтері, аудандық мемлекеттік мекемелері
Әлеуметтік маңызы бар іс-шараларға көмектесу
31
5.
Ауыл округі әкімдерінің аппараттары, мемлекеттік мекемелер
Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық ұйымдарына комек көрсету
30
6.
Аудандық Әскери комиссариат, әділет басқармасы, статистика бөлімі, Ішкі ісгер бөлімі. «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталыгы» РМК- ның жұмысына ықпал жасау, мектептерге қамқорлық, пилоттық жобасы бойынша
Әскери комиссариат, Әділет басқармасы, статистика бөлімінің, Ішкі істер бөлімі, «Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» РМК-ның жұмысына ықпал жасау іс-шараларына көмектесу және мектептерге көмектесу
25
Барлығы:
460
Жұмыссыздардың қоғамдық жұмыстарда орташа жұмыс істеу мерзімі 3 ай. Іс-жүзінде сұраныс пен ұсынысқа орай қоғамдық жұмыстардың кейбіріне қатысушылардың саны, қатысудың ұзақтығы, қоғамдық жұмыстардың түрлері және ұйымдардың тізбесі 2007 жылға арналған аудандық бюджетте қоғамдық жұмыстарды өткізуге қарастырылған қаражат шегінде өзгеруі мүмкін.
Жұмыссыздардың еңбекақысы аудандық бюджеттің қаржысы есебінен бір айлық жалақының ең төменгі мөлшерімен төленеді. Жұмыссыздарды қоғамдық жұмысқа пайдаланатын ұйымдар үстеме ақы белгілеуі мүмкін.