Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об организации социальных рабочих мест в Аккольском районе в 2007 году

Қаулы · № А-2/64 · қабылданған 16.02.2007
Заңдық күші: Қолданыста · 22.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-ekb-32317/on/2026-09-22/
Басып шығарылды 2026-09-22 · adilet.kz
Об организации социальных рабочих мест в Аккольском районе в 2007 году Қолданыста 16.02.2007 редакциясы
Белгілі бір күнгі редакция

Об организации социальных рабочих мест в Аккольском районе в 2007 году

Қолданыста Қаулы № А-2/64 22.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации социальных рабочих мест в Аккольском районе в 2007 году
Атауы (қаз.)
2007 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
А-2/64
Қабылданған күні
16.02.2007
Қолданысқа енгізілген күні
01.01.2007
Көрсетілген редакция
16.02.2007 32317_290841.kaz
Соңғы өзгеріс
16.02.2007
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07BC000066
ЭКБ идентификаторы
32317
Редакция идентификаторы
32317_290841
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 16:04
22.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.02.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

2007 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-1-бап 4-тармағына сәйкес, халықтың нысаналы топтарын әлеуметтік қорғау жөнінде қосымша шаралар белгілеу үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру ережелері бекітілсін (1-қосымша).

2. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 2006 жылы ұйымдар мен кәсіпорыңдарда құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру жөнінде жұмыстар ұйымдастырсын.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын құрған кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі бекітілсін (2-қосымша) (келісім бойынша).

4. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың еңбекақысы бюджет қаражатынан және Қазақстан Республикасының «2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы» Заңымен белгілеген, ең гөменгі жалақының 50 пайызы мөлшерінде жұмыс берушінің жартылай өтемақысымен төленсін.

5. Қаржы бөлімі, әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыруды ауданның 2006 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарының көрсеткіштеріне сай қамтамасыз етсін.

6. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 14 наурыздағы № а-3/88 «2006 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» Ақкөл аудандық әділет Басқармасында 2006 жылғы 24 наурызда № 1-3-47 тіркелген қаулысы күшін жойғандығы танылсын.

7. Ақкөл ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы № А-1/40 «2007 жылы Ақкөл ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы» қаулысы күшін жойсын.

8. Аудан әкімдігінің қаулысы Ақкөл аудандық әділет Басқармасына мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне еніп, бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялансын.

9. Осы қаулының орындалуын бакылау аудан әкімінің орынбасары М.С.Балпанға жүктелсін.

10. Қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыска енгізілсін.

«КЕЛІСІЛДІ»

Қаржы бөлімінің бастығы Л.Величко

«16» 02 2007 ж.

«КЕЛІСІЛДІ»

Жұмысден қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің бастығы А.Мананбаева

«16» 02 2007 ж.

1-Қосымша Ақкөл ауданы әкімдігінің

2007 жылғы 16.02 № А-2/64

қаулысымен Бекітілген

Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесі.

1. Жалпы ережелер.

1. Осы Ереже халықтың нысаналы тобынан жұмыссыздарды жұмыска орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынған ұйымдармен (меншік түріне қарамастан) негізгі шарттарды және есеп жүргізу жүйесін реттейді.

2. Осы Ереженің іс қимылда болуы Қазақстан Республикасының «2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы құқықтық негіз болып табылады.

3. Осы Ережеде қолданылатын негізгі түсініктер:

1) Әлеуметтік жұмыс орны - бұл жұмыс берушінің жергілікті атқару органымен келісім негізінде нысаналы топқа кіретін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін, олардың жалақысын жұмыс берушінің жартылай өтемақысымен, жергілікті бюджет қаражатынан төленетін жұмыс орны.

2) Нысаналы топ - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңымен белгілеген жұмысқа орналасуда қиындық көрген және әлеуметтік қорғауды қажет ететін азаматтар тобы.

4. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастырылған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеттік қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілер қолданылады.

5. Өкілетті органдар жұмыспен қамту мәселесі бойынша халықтың нысаналы тобынан әлеуметтік жұмыс орнына жұмыссыздарды жұмысқа орналастыруға ықпал етеді.

2. Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналастыру және ұйымдастыру тәртібі.

6. Әлеуметтік жұмыс орны жұмыс берушінің өз қаражатынан жартылай еңбекақы өтемін қаржыландыру арқылы жергілікті бюджет қаражатынан белгіленеді және құрылады.

7. Жергілікті атқару органдары жұмыс берушілермен халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздардан әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданғандардың жалақысын жартылай өтемақы төлеуге келісім-шарт жасайды.

8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмыспен қамту және олардың еңбегіне жалақы төлеуге арналған бюджеттік қаржыны тиімді қолдану мақсатында, жұмыспен қамту бөлімі, халықтың нысаналы топтарындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын құруға жазбаша келісімі бар жұмыс беруші ұйымдардың тізбесін анықтайды.

9. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыру үшін жолдаманы өкілетті орган береді.

10. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасуда нысаналы топтарға жататын аз қамтамасыз етілген жұмыссыздардың басымды құқыққа ие.

3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері және шарттары.

11. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың ецбекақысын жұмыс беруші ай сайын, жеке еңбек шартына сәйкес істелген жұмыстың көлеміне және сапасы мен орындалған жұмыстың ауырлығына қарай төленеді.

12. Жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орнына орналасқан жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу жергілікті бюджеттен ең төменгі жалақының 50 пайызы мөлшерінде және алты айдан аспайтын мезгілге төленеді. Бюджеттік қаржы жұмыс берушілердің есеп шотына аударылады.

13. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жергілікті бюджеттен төленетін жалақыға белгіленген заңдылық тәртібінде салық салынады.

14. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбеақысы нақты орындалған жұмыс көлеміне байланысты төленеді.

15. Жұмыс берушіпер жергілікті бюджеттен түскен ақшалай түсімдерді әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздарға жалақы төлеуге жұмсалған өз шығындарының өтеміне жұмсайды.

4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру тәртібін бақылау.

16. Әлеуметтік жұумыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Ережесінің орындалуын бақылау мемлекеттік органдармен белгіленген заңдылық тәртібінде жүзеге асырылады.

2-қосымша Аудан әкімдігінің

2007 жылғы 16.02. № А-2/64

Қаулысымен БЕКІТІЛГЕН

2007 жылы әлеуметтік жұмыс орындарын құрған кәсіпорындар мен ұйымдардың ТІЗБЕЛЕРІ

реті
Кәсіпорындардың, ұйымдар мен селолық округтардың атауы
Қатысушылар саны (адам)
Жұмыстың ұзақтығы (айлар)
1
«Ақкөл» селолық тұтынушылар кооперативі
2
6
2
Жеке кәсіпкер «Туров»
3
6
3
«Алексеевкарайгаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
4
6
4
«Ақкөл баспаханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
3
3
5
«Урюпинка және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
3
6
«Новорыбинка және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
5
3
7
«Темірлан» шаруа - фермерлік шаруашылығы
2
6
8
«Нұрзат» шаруа – фермерлік шаруашылығы
2
6
9
«Сәкен Санды» шаруа - фермерлік шаруашылығы
2
6
10
«ДЕСС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
1
3
Жиыны
25