Об утверждении Правил организации и финансирования социальных рабочих мест в Целиноградском районе в 2007 году Күшін жойған
Басқа 0
2007 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заныңа сәйкес, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңының негізінде халықтың мақсатты тобын әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар белгілеу үшін Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 2007 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 3 мамырдағы № 113 2006 жылғы 25 мамырдағы тіркеу № 1-17-36, «2006 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасын бекіту туралы» қауылысының күші жойылған деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Целиноград ауданының әкімінің орынбасары Б.А.Жанбаевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Қаулы Целиноград ауданының Әділет Басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен соң өз күшіне енеді.
Тармақ 5
5. Осы қаулы «Призыв»-«Ұран» аудандық газетінде міндетті жарияланғаң соң іске қосылады.
Басқа 6
Қосымша
БЕКІТІЛГЕН Целиноград ауданы
әкімдігінің қаулысымен «2007
жылы Целиноград ауданында
әлеуметтік жұмыс орындарын
ұйымдастыру және қаржыландыру
Қағидасын бекіту туралы»
2007 жылғы «14» ақпан № 22
2007 жылы Целиноград ауданында әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасы
Осы Целиноград ауданыңда әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, халықтың әлеуметтік-қауқарсыз санаттарын жұмыспен қамтуға көмек көрсету жөніндегі шараларды кеңейту мақсатында әзірленді.
Тарау 1. 1. Жалпы ережелері
1. Жалпы ережелері
Тармақ 1
1. Қағида халықтың мақсатты тобының жұмыссыздардың жұмысқа орналыстыру үшін әлеуметтік жұмыс орныдарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібін анықтайды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын немесе құратын ұйымдармен негізгі жағдайлар мен есеп айырысу жүйесін реттейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидада қолданылатын негізгі түсініктер:
Тармақша 1
1) әлеуметтік жұмыс орны - Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) жолданған халықтың максатты тобындағы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс берушінің жазбаша келісім арқылы ұсыналатын жұмыс орны. орныға қабылданған азаматтың еңбекақысын төлеу үшін жіберілген жұмыс берушінің шығының белгілі бір бөлігі аудандық бюджет есебінен өтеледі.
Тармақша 2
2) халықтың мақсатты топтары - Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындықтарға тап болатын және әлеуметтік қорғауды талап ететін азаматтар тобы;
Тармақша 3
3) жұмыс беруші - меншік нысанына қарамастан Целиноград ауданында өз қызметін жүзеге асыратын заңды не болмаса жеке тұлға.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орны алты айдан артық емес мерзімге беріледі.
Тармақ 4
4. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастыралган азаматтарын Қазақстан Республикасының, еңбек зейнетақымен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заңнамалық актілері пайдаланылады.
Тарау 2. 2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
Тармақ 5
5. Жұмыс берушілер әлеуметтік жұмыс орындарын өз қаржылары есебінен, сондай-ақ олардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығындарының белгілі бір бөлігін аудандық бюджет өтей отырып құрады.
Тармақ 6
6. Бөлім әлеуметтік жұмыс орындарын құруға тілек білдірғен жұмыс берушілермен талаптар, еңбекақы мөлшері және әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған тұлғалардың еңбекақы ішінара шығындарын өтеу тәртіптері ескертілген нысаны бойынша ауданның бюджетінде «Жұмыспен қамту бағдарламасы» бюджеттік бағдарламасы бойынша осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде шарттар жасасады.
Тармақ 7
7. Жұмыс берушінің жазбаша келісімі бойынша аудан әкімдіктері халықтың мақсатты тобындағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орны ұсынылатын немесе ұйымдастырылатын ұйымдардың тізімін анықтайды.
Тармақ 8
8. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орнынына орналастыру келісім бойынша Бөлім орталықтарымен жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Мақсатты топқа кіретін аз қамсыздандырылған жұмыссыздар әлеуметтік жұмыс орнына орналасудың басына құқына ие.
Тарау 3. 3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландыру көздері мен шарттары
Тармақ 10
10. Әлеуметтік жұмыс орнына қабылданған азаматтардың еңбекақысы төлеу ай сайын жеке еңбек келісімінің шарттарына сәйкес жүргізіледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және қиыншылығына байланысты болады.
Тармақ 11
11. Жұмыссыздардың еңбекақысын төлеу, әлеуметтік жұмыс орнындарына қабылданған нақты орындалған жұмыс ауқымына төленеді.
Тармақ 12
12. Жұмыс берушілердің еңбекақы төлеу үшін шыққан шағасы аудандық бюджеттен алты айдан кем емес мерзімге еңбекақының ең аз мөлшерінің 50 пайызы мөлшерінде бюджетте қамту бағдарламасына қарастырылған қаржы шегінде қайтарылады және олардың есеп шотына аударылады.
Тармақ 13
13. Жұмыс берушілер аудандық бюджеттен түскен ақшалай қаржыны әлеуметтік жұмыс орнына орналастырылған азаматтардың еңбекақысын төлеу үшін шыққан шығыстарын өтеу үшін пайдаланады.
Тармақ 14
14. Әлеуметтік жұмыс орындары 6 ай мерзімі өткеннен кейін (жұмысқа берушінің бастамасы бойынша) сақталуы мүмкін. Бұл орындалған жұмыс санына, сапасына және қиындығына байланысты жұмыс берушілер меншікті қаражатта есебінен нақты орындаған жұмыстары үшін қосымша үстемақы белгілеуге құқылы.
Тарау 4. 4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы орындалуына бақылау жасау
4. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидасы орындалуына бақылау жасау
Тармақ 15
15. Бөлім әлеуметтік жұмыс орнындарын ұйымдастыруды және қаржыландыруды бақылауды заңнамамен белгіленген тәртіпте жүзеге асырады.