Қолданыстағы ред. 19.02.2007 (Редакция 32493_327711.kaz)

Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы от 19.02.2007 г. № 10 (Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы)

0

Аудан бойынша 2007 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Жерлеуге берілетін әлеуметтік көмек 10 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшелерінде белгіленсін.

2

2. Халықтың әлеуметтік жағынан дәрменсіз топтарына әлеуметтік көмек 3000 (үш мың) теңгеден 20000 (жиырма мың) теңге көлемінде белгіленсін.

3

3. Дербес зейнеткерлерге ай сайын әлеуметтік көмек 1 ең төменгі есептік көрсеткіш көлемінде белгіленсін.

4

4. Бейбіт кезеңде қаза болған жауынгерлер отбасыларын материалдық қолдауға 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап ай сайын 1 (бір мың) теңге мөлшерінде белгіленсін.

5

5. Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлеріне 5000 (бес мың) теңге, бейбітшілік уақытында қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысқандардың жұбайларына 3000 (үш мың) теңге және бейбіт уақытта қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде қаражат бөлу белгіленсін.

6

6. Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, осы санаттағы адамдарға әлеуметтік көмек тағайындауды жүргізу тапсырылсын.

7

7. Шыңғырлау аудандық қаржы бөлімі тағайындалған әлеуметтік көмек төлемдерін дер кезенде қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

8

8. Әлеуметтік көмектер көрсету жөніндегі комиссияның құрамы бекітілсін (№ 1 қосымша).

9

9. Әлеуметтік көмектер көрсету үшін тапсырылатын құжаттар тізімі бекітілсін (№ 2 қосымша).

10

10. Аудан әкімдігінің 2006 жылғы 10 ақпандағы № 26 «Аудан бойынша 2006 жылы әлеуметтік көмектер көрсету туралы», (аудандық әділет басқармасында 2006 жылғы 28 ақпанда тіркелген, тіркеу №* 7-13-17) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

11

11. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Н.Хангереевке жүктелсін.

12. Әлеуметтік көмектер көрсету жөнінде комиссиясының құрамы:

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы «19» ақпандағы
№10 қаулысымен бекітілген
№1 қосымша
Әлеуметтік көмектер көрсету жөнінде комиссиясының құрамы:
Хангереев Самат Нағымұлы - Шыңгырлау ауданы әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы
Бекжанов Мурат Турабайұлы - Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары
Муртазина Альбина Ахмадуллиевна - Шыңғырлау ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жетекші маманы, комиссия хатшысы
Хамиев Самиі олла Хабиболлаүлы - Шыңғырлау ауданының қаржы бөлімінің бастығы,
Қайырғалиев Ғаббас Рахимбергенұлы - Шыңғырлау ауданының ішкі саясат бөлімінің бастығы
Калменов Асылбек Толыбайұлы - Шыңғырлау аудандық салық комитеті төрағасының міндетін атқарушы (келісім бойынша)

13. Әлеуметтік көмектер көрсету үшін тапсырылатын құжаттар тізімі

Аудан әкімдігінің
2007 жылғы «19» ақпандағы
№10 қаулысымен бекітілген
№2 қосымша
Әлеуметтік көмектер көрсету үшін тапсырылатын құжаттар тізімі

1

1. Азаматтарға жерлеуге берілетін көмек үшін

1

1) Жерлеу рәсімін өткізуді өзіне алған азаматтың арызы.

2

2) Жергілікті азаматтың хал актілерін тіркеу органы берген жерлеу жәрдемақысына арналған анықтама.

3

3) Өлгендігі туралы куәліктің көшірмесі.

4

4) Жерлеу рәсімін өткізушінің арызын растайтын жергілікті селолық округтің анықтамасы.

5

5) Салық төлеушінің нөмірі.

2

2. Әлеуметтік көмек үшін.

1

1) Арызы.

2

2) Жеке куәлігі.

3

3) Салық төлеушінің нөмірі.

4

4) Тұрғын-үй жағдайын зерттеу туралы акт (Қажет жағдайда аудандық аймақтық медицина бірлестігінің анықтамасы).