О мероприятиях по подготовке к паводкоопасному периоду на 2007 год Күшін жойған
Басқа 0
Су тасқыны қаупі кезеңіне дайындық жөніндегі 2007 жылға арналған іс-шаралар туралы
Гидрометеорология орталығының мәліметі бойынша Шығыс Қазақстан облысы аумағының жазық жерлер бөлігінде қар қорының үлесі: Шемонаиха ауданы бойынша - 7%, Көкпекті ауданы бойынша Көкпекті ауылында - 7%, Күршім ауданы бойынша Күршім ауылында - 18%, Зайсан ауданы бойынша - 41%, Тарбағатай ауданы бойынша Ақжар ауылында - 29% нормадан артық. Облыстың басқа аудандарында қардағы су қоры нормаға жуық.
Қара Ертіс, Қалжыр, Күршім өзендерінің су ағынын қалыптастыратын аймағының таулы бөлігі мен олардың салаларында қардағы су қоры нормадан - 28% кем, Бұқтырма, Тұрғысын өзендерінде және олардың салаларының солтүстік беткейінде 36%, оңтүстік беткейінде 45% нормадан кем, Үлбі, Уба өзендерінің су ағынын қалыптастыратын аймағы мен олардың салаларында қардағы су қоры солтүстік беткейде 36%, оңтүстік беткейде 16% нормадан кем, Алакөл көлінің аймағында қардағы су қоры нормадан 49% кем, Зайсан көлінің оңтүстік аймағында - 13% нормадан кем. Қар қорының қарқынды еруі барысында су деңгейінің күрт көтерілуі және өзендердің тасуы мүмкін. Тиісті шаралар қабылданбаған жағдайда елді мекендер, кәсіпорындар, әлеуметтік мақсаттағы нысандар, жолдар, көпірлер, тау-кен кәсіпорындарының қалдықсақтауыштары, жасанды бөгендер және шағын су қоймалары қауіпті жағдайларда қалуы мүмкін.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2 тармағына және "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабына сәйкес, көктемгі су тасқыны мен қар көшкінінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, облыс экономикасына келетін зиянды азайту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Cу тасқынына қарсы іс-шаралардың қоса беріліп отырған 2007 жылға арналған жоспары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Шығыс Қазақстан облыстық эксплуатациялық басқармасы филиалына (М.А.Момбаев келісім бойынша), Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығына (В.П.Кондратьев келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаментіне (О.А.Поворотов), "Шығыс су шаруашылығы" Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (К.Д.Дәуренбеков келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаментіне (М.А.Акрамов), Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасына (М.Т.Мыңбаев келісім бойынша) су тасқыны сел және көшкін пайда болатын құрылымдар аймақтарында тіршілікті қамтамасыз ету нысандары, елді мекендер және автомобиль жолдары үшін қауіпті тұрақты бақылауды ұйымдастыру ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Зырян, Бесқарағай, Бородулиха, Катонқарағай және Шемонаиха аудандарының әкімдері мұзбөгеттер, су жайылуы пайда болады деп күтілетін орындарға және Бұқтырма, Ертіс және Уба өзендерінің көпірлері маңына тұрақты бақылау қойсын.
Тармақ 4
4. "Шығыс су шаруашылығы" Шығыс Қазақстан республикалық мемлекеттік кәсіпорнының (К.Д.Дәуренбеков келісім бойынша), Ертіс алабы су шаруашылығы басқармасы (Т.Ж.Көбегенов келісім бойынша), "КЕGOC" АҚ Шығыс ЖЭЖ филиалының (К.М.Ұражанов келісім бойынша), "Шығыс Қазақстан өңірлік энергетика компаниясы" АҚ (Л.Л. Филимонова келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ Шығыс Қазақстан облыстық эксплуатациялық басқармасы филиалының (М.А.Момбаев келісім бойынша), "Қазақтелеком" АҚ филиалының Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының (Э.Д.Еспенбетов келісім бойынша) басшылары аудандар мен қалалар әкімдерімен бірлесіп:
Тармақша 1
1) 2007 жылғы 15 наурызға дейін су қоймалары мен бөгендерін, соның ішінде иесіз қалдықсақтауыштарды зерттеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды қабылдау;
Тармақша 2
2) 2007 жылғы 15 наурызға дейін бөгетшелердің, су өткізетін, қорғаныс және басқа да құрылғылардың, байланыс, электр желілерінің тіректері мен трансформаторлық қосалқы станциялардың сенімділігін комиссиямен тексеріп, тексеру актілерін Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне тапсыру;
Тармақша 3
3) 2007 жылғы 20 наурызға дейін Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне су қоймаларын, қалдықсақтауыштарды, бөгендерді, тасқын суды қабылдауға және өткізуге арналған жинақтаушы тоғандарды бекіту мен дайындау бойынша өткізілген іс-шаралар туралы хабарлау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің Шығыс Қазақстан облыстық басқармасы (М.Т.Мыңбаев келісім бойынша), "Қазақстан Темір-жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ Семей тасымалдау бөлімшесіне (Т.Т.Бадамбаев келісім бойынша), "Қазақстан Темір-жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ - "Семей тасымалдау бөлімшесі" филиалы Защита шағын бөліміні (А.В.Степура келісім бойынша), Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаментіне (О.А.Поворотов) қалалар мен аудандар әкімдерімен бірлесіп 2007 жылғы 20 наурызға дейінгі мерзімде су тасқыны суларын өткізу және мұз бөгеттерін болдырмау үшін автомобиль және темір жолдардағы инженерлік құрылғыларды тазалау жөніндегі жұмыстарды орындау, облыстың жолдарында үзіліссіз қозғалысты қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 6
6. "Қазақтелеком" АҚ филиалының Шығыс Қазақстан облыстық телекоммуникациялар дирекциясының бас директорына (Э.Д.Еспенбетов келісім бойынша):
Тармақша 1
1) тасқын су басуы мүмкін аймақтарда елді мекендермен тұрақты телефон байланысын ұйымдастыру;
Тармақша 2
2) су тасқынының басталу кезеңінде "кезекшілік қабылдау" режимінде аудан орталықтарымен тәулік бойы тұрақты байланыс қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 7
7. Су тасқынына қарсы іс-шараларға жедел басшылық және осы қаулының орындалуына бақылау жасау облыс әкімінің орынбасары Н.Т.Ұранхаевқа жүктелсін.
Тармақ 8
8. 2006 жылғы 14 наурызда "Рудный Алтай" және "Дидар" газеттерінде жарияланған "Су тасқынына қарсы іс-шаралар туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2006 жылғы 27 ақпандағы № 539, "Шығыс Қазақстан облысы бойынша әділет департаменті" ММ 2006 жылғы 9 наурызда тіркелген № 2415 қаулысының күші жойылды деп саналсын.
Тармақ 9
9. Осы қаулы 2007 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді.
Басқа 15. Cу тасқынына қарсы іс-шаралардың 2007 жылға арналған
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің
2007 жылғы 28 ақпандағы № 41
№ қаулысымен бекітілді
Cу тасқынына қарсы іс-шаралардың 2007 жылға арналған
ЖОСПАРЫ
№
р/с
Іс-шаралар
Орындалу мерзімі
Орындаушылар
1
2
3
4
1.
Қалалар мен аудандарда қардың еруіне және өзендердің мұз құрсауынан босауына, мұз бөгеттері мен су басуға ұшырайтын жерлерде тұрақты қадағалауды ұйымдастыру
Су тасқыны кезеңінде
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚ гидрометеорология орталығы ШҚГМО (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" (келісім бойынша), Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің ШҚО басқармасы (келісім бойынша), "Шығыс су шаруашылығы" ШҚ РМК (келісім бойынша)
2.
Су тасқынының жағдайы туралы ақпарат алудың сұлбасын пысықтау
2007 жылғы 15 наурызға дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері
2.1
Көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюдың жоспарын түзету және Шығыс Қазақстан облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне ұсыну
2007 жылғы 20 наурызға дейін
2.2
Су тасқыны кезеңінде әкімнің орынбасары – Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі дағдарыс жағдайларына жедел басшылық жасау жөніндегі ведомствоаралық комиссия төрағасының басшылығымен жұмыс топтарын құру, олардың дербес құрамдарын, тұрақты бару орындарын анықтау, кезекші көлік бекіту
Су тасқыны кезеңінде
2.3
Төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюға көзделген қалалық және аудандық бюджеттердің қаражаттары есебінен меншік түріне қарамастан ұйымдардың ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтарын есепке алсын және дайындау, әрбір ауданда жанар - жағармай материалдарының қорларын құру
2007 жылғы 25 наурызға дейін
Қалалар мен аудандардың әкімдері
2.4
Жағалауларды бекіту және бөгетшелерді үю жұмыстарын орындау, олар қажет болатын жерлерге балласт, инертті және кен емес материалдар, темірбетон құралмаларын және басқа материалдарды дер кезінде жеткізу жөніндегі шаралар қабылдау, карьерлер, көлік және тиеу техникасын дайындау
Су тасқыны кезеңінде
3.
Міндеттерді орындау үшін апаттық-құтқару қызметі құрылымдарының дайындығын қамтамасыз ету және оларды қатты су тасқыны аудандарына жедел жеткізу жолдарын пысықтау
Су тасқыны кезеңінде
Қазақстан Республикасы ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ өртке қарсы қызмет комитеті ШҚО өртке қарсы қызмет департаменті (келісім бойынша)
4.
Зардап шеккен тұрғындарға шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қалалар мен аудан орталықтарында дәрі-дәрмектер қорын жасау
Су тасқыны кезеңінде
Шығыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау департаменті
5.
Ықшам жүзу құралдары мен құтқарушылардың ұтқыр топтарын дайындау
25.03.2007 ж.
"Шығыс Қазақстан облыстық суда құтқару қызметінің орталығы" мемлекеттік мекемесі
6.
Мал қорымдарына зерттеу жүргізсін және жұқпалы аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау мақсатында қажетті шаралар қабылдау
Су тасқыны кезеңінде
Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы департаменті, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекция
7.
Су тасқынын апатсыз өткізу және тұрғындарды, малды, материалдық құндылықтарды су басуы мүмкін аймақтардан көшіру жөнінде жан-жақты жоспарлар жасау
15.03.2007 ж.
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО ауыл шаруашылығы департаменті
8.
ТЖ алдын алу мен жою жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық ведомствоаралық комиссияларға қар қорының және қардың еру жағдайы туралы тұрақты түрде хабарлау. Қар көшкіні мен су тасқынының қаупі туралы дер кезінде ескертуді қамтамасыз ету
Күн сайын
ШҚГМО (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚО ЭБ (келісім бойынша)
9.
Қар көшкіні мен су басуы мүмкін жерлерде тұратын тұрғындарды құлақтандырудың сұлбасын іс жүзінде пысықтау
15.03.2007 ж.
Қалалар мен аудандардың әкімдері, Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚО ЭБ филиалы (келісім бойынша), Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің ШҚО басқармасы (келісім бойынша), "Шығыс су шаруашылығы" ШҚ РМК (келісім бойынша)
9.1
Жұмысқа жауапты адамдарды тағайындау және көмек көрсету мен ТЖ жою үшін кәсіпорындар мен ұйымдарда апаттық-қалпына келтіру бригадаларын ұйымдастыру
10.
Автожолдардың, тұрғын үйлердің және құрылыстардың жанындағы кәріздік су ағызатын астауларды, автомобиль және темір жолдардағы су өткізетін инженерлік құрылғыларды тазартуды жүргізу
20.03.2007 ж.
Қалалар мен аудандардың әкімдері, Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің ШҚО басқармасы (келісім бойынша), Защита және Семей тасымалдау бөлімшелері (келісім бойынша), ШҚО жолаушы көлігі және автомобиль жолдары департаменті
11.
Облыс өзендерінде мұз бөгеттері және тасқын су өтетін жерлерді анықтау жөніндегі аэровизуальдызерттеулер жүргізу
Өзендерде мұз құрсауы ашылған кезде
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті, ШҚГМО (келісім бойынша), Қазақстан РеспубликасыТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚО ЭБ филиалы (келісім бойынша), "ШҚО Авиациялық бөлімшесі" КМҚК
12.
Шұғыл әрекет ету жасақтары, авариялық-құтқару қызметтері, жүзу құралдары, құтқару жұмыстарында пайдалану үшін судан құтқару қызметінің маневрлік тобының дайын болуы
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті, қалалардың, аудандардың әкімдері, Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ ӨҚК ШҚО өртке қарсы қызмет департаменті (келісім бойынша), ШҚО суда құтқару қызметі
13.
Төтенше жағдайларды жою үшін Қазақстан Республикасы ҚМ "Шығыс" қатыстырып, бірлескен іс-әрекет жоспарын пысықтау
20.03.2007 ж.
ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті, Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ҚМ "27943 әскери бөлім" (келісім бойынша)
14.
Электр берілісі және байланыс желілеріне зерттеу жүргізу, қар көшкіні мен су тасқыны кезінде олардың сақталуы жөніндегі шараларды қабылдау
15.03.2007 ж.
"ҚEGOC" АҚ ЖЭЖ Шығыс филиалы (келісім бойынша), ШҚ ӨЭК АҚ (келісім бойынша), "Қазақтелеком" АҚ ШҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (келісім бойынша)
15.
Су басуы және жол бұзылуы болуы ықтимал аймақтарда орналасқан елді мекендерде азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын дайындау
20.03.2007 ж.
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО денсаулық сақтау департаменті
16.
Елді мекендердің жабық су тартқыларына өнеркәсіптік қалдық сулардың құйылуын болдырмау шараларын қабылдау
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап
Қалалар мен аудандардың әкімдері, шаруашылық жүргізуші нысандар (келісім бойынша)
17.
Қалалар мен аудандарда 20 т. дизель отыны, 10 т. бензин, 1 т. мотор майы есебінен жанар-жағар майдың қажетті резервін жасау және бұл қорларды табиғи апаттар болған жағдайда ТЖ жөніндегі комиссияның басқаруымен пайдалану. Облыстық резервте 30 тонна дизель отыны, 10 тонна бензин, 1 тонна мотор майы болсын
20.03.2007 ж.
Қалалар мен аудандардың әкімдері, ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті
18.
Су тасқыны кезінде жарғыштар бригадаларын дайындау, оларды ТЖ жөніндегі комиссияның тапсырысы бойынша мұз құрсауы және қар көшкінін түсіру орындарында жұмыс жүргізу үшін жарғыш материалдармен қамтамасыз ету
15.03.2007 ж.
Қалалар мен аудандардың әкімдері, "Востоквзрывпром" ЖШС (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ эксплуатациялық басқармасы ШҚО филиалы (келісім бойынша), Қазақстан Республикасы ТЖМ ШҚО ТЖ жөніндегі департаменті(келісім бойынша), ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаменті
18.1
Үлбі, Уба, Бұқтырма өзендерінің бойындағы автомобиль және темір жол көпірлеріндегі, Красный Яр ауылындағы Уба өзенінің құйылысындағы қар көшкіндерін түсіру және мұзды босату жұмыстарын жүргізу
19.
ТС-1 маркалы авиациялық отынның қажетті қоры жасалып, оны уақытында толықтырып отыруды қамтамасыз ету. Тасқын су кезеңі басталысымен барлау, жарылыс және құтқару жұмыстарын жүргізу үшін тікұшақтар жоғары дайындықта ұсталынсын
Су тасқыны кезеңінің басынан бастап
"Шығыс Қазақстан облысының авиациялық бөлімшесі" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
20.
Қалалар мен аудандардың әкімдіктерінде сел, қар көшкіні, су басу қаупі бар учаскелерге тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыру, төтенше жағдай туындаған кезде ШҚО жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және авариялар мен табиғи апаттардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі департаментіне мына телефондар бойынша 26-88-27, 28-03-35 күн сайын (7.30 да және 17.00) жағдай туралы, төтенше жағдай туындағанда тез арада ақпарат беру
Су тасқыны кезеңінде
Қалалар мен аудандардың әкімдері, Қазақстан Республикасы ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ ШҚО ЭБ филиалы (келісім бойынша), ШҚ гидрометеоролия орталығы (келісім бойынша), "Шығыс су шаруашылығы" ШҚ РМК (келісім бойынша), Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің ШҚО басқармасы (келісім бойынша), "ҚEGOC" Ақ ЖЭЖ Шығыс филиалы (келісім бойынша), ШҚ ӨЭК АҚ (келісім бойынша), "Қазақтелеком" АҚ ШҚ облыстық телекоммуникациялар дирекциясы (келісім бойынша)
Облыстың жұмылдыру дайындығы,
азаматтық қорғаныс және авариялар
мен табиғи апаттардың алдын алу
және жоюды ұйымдастыру жөніндегі
департаментінің директоры