2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша
халықтың насаналы топтарына арналған әлеуметтік
жұмыс орындарын беруші және
құрушы шаруашылық субъектілерінің
тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 сәуірдегі «Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыс орындарын құру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы» №146 қаулысын басшалыққа алып Маңғыстау ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың насаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы от 13.03.2007 г. № 54 (2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың насаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы)
1. Қоса беріліп отырған 2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі бекітілсін /қосымша/.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына арналған бюджеттік қаржы шығындарын жоспарлау аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне /Ә.Ұзақбай/ тапсырылсын.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегін ішінара өтеуді қаржыландыруды аудандық қаржы бөлімі /А.Сарбалаев/ қамтамасыз етсін.
4. Жұмыс берушілердің жазбаша келісімі және іріктеу тәртібімен құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздардың жіберілуін және оларға төленетін еңбекақы шығындарының ішінара өтелуін қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне міндеттелсін.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Маңғыстау ауданы әкімиятының
2007 жылғы 13 наурыздағы
№54 қаулысымен бекітілген
Қосымша
2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі
қ/с
Мекемелердің атауы
Жұмыс түрлері
Жұмысқа жолданатын жұмыссыздар саны
Жұмыс мерзімі
Жергілікті бюджеттен төленетін еңбекақы мөлшері-ең төменгі айлық жалақысының 60 пайызы (теңге)
1
2
3
4
5
6
1
«Қызан» өндірістік кооперативі
Әртүрлі жұмысшы
2
3 айдан 6 айға дейін
5851
Автослесарь
1
3 айдан 6 айға дейін
5851
Барлығы:
3
2
«Ұштаған» өндірістік кооперативі
Әртүрлі жұмысшы
1
3 айдан 6 айға дейін
5851
Орталық бақ күтушісі
1
3 айдан 6 айға дейін
5851
Барлығы:
2
4
«Онды» өндірістік кооперативі
Әртүрлі жұмысшы
2
3 айдан 6 айға дейін
5851
Шөп тиеуші
2
3 айдан 6 айға дейін
5851
Кеңсе тазалаушы
1
3 айдан 6 айға дейін
5851
Барлығы:
5
Барлығы:
10