2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың насаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.03.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың насаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына және Маңғыстау облысы әкімиятының 2005 жылғы 27 сәуірдегі «Халықтың нысаналы топтарына арналған жұмыс орындарын құру және қаржыландыру ережесін бекіту туралы» №146 қаулысын басшалыққа алып Маңғыстау ауданының әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған 2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі бекітілсін /қосымша/.
Тармақ 2
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына арналған бюджеттік қаржы шығындарын жоспарлау аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне /Ә.Ұзақбай/ тапсырылсын.
Тармақ 3
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздардың еңбегін ішінара өтеуді қаржыландыруды аудандық қаржы бөлімі /А.Сарбалаев/ қамтамасыз етсін.
Тармақ 4
4. Жұмыс берушілердің жазбаша келісімі және іріктеу тәртібімен құрылған әлеуметтік жұмыс орындарына халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздардың жіберілуін және оларға төленетін еңбекақы шығындарының ішінара өтелуін қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне міндеттелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалысын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ж.Айтуаровқа жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Маңғыстау ауданы әкімиятының 2007 жылғы 13 наурыздағы №54 қаулысымен бекітілген Қосымша 2007 жылға Маңғыстау ауданы бойынша халықтың нысаналы топтарына арналған әлеуметтік жұмыс орындарын беруші және құрушы шаруашылық субъектілерінің тізбесі қ/с Мекемелердің атауы Жұмыс түрлері Жұмысқа жолданатын жұмыссыздар саны Жұмыс мерзімі Жергілікті бюджеттен төленетін еңбекақы мөлшері-ең төменгі айлық жалақысының 60 пайызы (теңге) 1 2 3 4 5 6 1 «Қызан» өндірістік кооперативі Әртүрлі жұмысшы 2 3 айдан 6 айға дейін 5851 Автослесарь 1 3 айдан 6 айға дейін 5851 Барлығы: 3 2 «Ұштаған» өндірістік кооперативі Әртүрлі жұмысшы 1 3 айдан 6 айға дейін 5851 Орталық бақ күтушісі 1 3 айдан 6 айға дейін 5851 Барлығы: 2 4 «Онды» өндірістік кооперативі Әртүрлі жұмысшы 2 3 айдан 6 айға дейін 5851 Шөп тиеуші 2 3 айдан 6 айға дейін 5851 Кеңсе тазалаушы 1 3 айдан 6 айға дейін 5851 Барлығы: 5 Барлығы: 10