«Тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу
және оларды қорғаудың 2007 жылға арналған
әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЬІ ЕТЕДІ:
«Тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2007 жылға арналған әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы» от 21.12.2006 г. № 2510 («Тұрғындардың нысаналы топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2007 жылға арналған әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы»)
1. Нысаналы топтарға жататын тұлғалар тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мақсатты топтарға жататын жұмыссыздарды келесідей әлеуметтік қорғау шараларымен қамтамасыз етсін:
1) тұрақты жұмысқа жіберуде нысаналы топтарға жататын тұлғалардың құқығы басым болсын және қосымшаға сәйкес 761 адам жұмысқа орналастырылсын;
2) қоғамдық жұмысқа қатысуда нысаналы топтардағы жұмыссыздардың құқығы басым болсын;
3) кәсіби дайындықтан өтуде, біліктілігін көтеруде және қайта дайындықтан өтуде нысаналы топтардағы жұмыссыздардың құқығы басым болсын;
4) шағын несиелер бөлінген жағдайда, оны алуда нысаналы топтарға мүше жұмыссыздардың құқығы басым болсын;
5) нысаналы топтардағы жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсін;
3. Орал қаласы әкімдігінің 2006 жылғы 19 қаңтардағы «Тұрғындардың мақсатты топтарын белгілеу және оларды қорғаудың 2006 жылға арналған әлеуметтік шараларын қамтамасыз ету туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-28 нөмірімен тіркелген, 2006 жылы 8 ақпандағы «Жайық үні» газетінің 8 нөмірінде жарияланған) №113 қаулысы күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Р. Мұқаевқа жүктелсін.
Қала әкімдігінің 2006 жылға
21 желтоқсандағы
№ 2510 қаулысына қосымша
Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың тізбесі
№
Санаттар атауы
Жұмысқа орналастыруға жататын адам саны
1.
Нашар қамтамасыз етілгендер
45
2.
21 жасқа дейінгі жастар
90
3.
Балалар үйінің тәрбиеленушілері жетім балалар және ата-ана қамқорлығынан жалғызбасты 23 жасқа дейінгі балалар
2
4.
Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеуші жалғызбасты, көп балалы ата-аналар
40
5.
Асырауында Қазақстан заңнамасында белгіленгендей, тұрақты күтем, көмек және бақылауға мұқтаж адамдары бар азаматтар
5
6.
Зейнет жасына дейінгі адамдар (жасына байланысты зейнетке шығуға екі жыл қалғанда)
15
7.
Мүгедектер
20
8.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарынан шығарылған адамдар
2
9.
Бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босап шыққан
2
10.
Оралмандар
10
11.
Ұзақ уақыт жұмыс жасамаған адамдар (бір жылдан аса уақыт)
500
12.
Оқу орындарын бітірушілер
30
Барлығы:
761