2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару» және 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заның басшылыққа ала отырып, аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы от 29.03.2007 г. № 96 (2007 жылдың көктемінде және күзінде шақыру жасындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы)
1. Сырым ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінен (Бердигалиев Б.):
1) 18 жасқа толған, сондай-ақ кейінге қалдырылған мерзімдері өтке 1980-1989 жылы туған азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан -желтоқсан айлары аралығында әскери қызметке шақыру және оларды белгіленген мерзімде әскери қатарына жөнелту сұралсын.
2) Сарбаздар, сержанттар және офицерлер құрамындағы әскери міндеттілердің запаста болатын адамдар әскери қызметке жарамдылығы айқындау үшін әскери- дәрігерлік сараптама ережелеріне сәйкес медициналы куәландырудан өту қажеттілігі сұралсын.
2. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскері қызмет туралы» Занының 17 бабының 5 тармағына сай аудандық шақыру комиссиясының құрамы № 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Ауылдық округ әкімдері азаматтарды толық әскери қызметке шақыр оларды әскери қатарына жөнелту үшін уақытында қорғаныс істер жөніндегі бөліміне жеткізуді қамтамасыз етсін.
4. Сырым ауданы бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтардың медициналық тексеруден өткізу кестесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
5. Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысына қарай қажетті техникалық қызметкерлермен қамтамасыз ету аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Ж.Батырниязов) тапсырылсын.
6. Әскерге шақырылушы азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін жабдықталған орындар, жоғары білімді, тәжірибелі маман дәрігерлер мен медбикелерді қажетті мөлшерде бөліп медициналық құрал - жабдықтармен қамтамасыз ету, шақыру комиссиясы емдеу мекемелеріне жолдаған азаматтарды ведомстволық бағыныштылығына сол көрсетілген мекемелерінде стационарлық және амбулаториалық тексеруден өткізуді қамтамасыз ету, бұл мақсатқа аудандық ауруханадан 6-8 кісілік кереуеттік орын бөлу аймақтық медициналық бірлестігіне (А.Дүйсенғалиев) ұсынылсын.
7. Шақыру пункттерінде әскерге шақырылушы азаматтардың қоғамдық тәртіп сақтауын қадағалау үшін және әскерге шақырылушы азаматтардың себепсіз келмеуіне арнайы топ құрып, іздестіру жұмыстарын ұйымдастыру аудандық ішкі істер бөліміне (А.Алдабергенов) ұсынылсын.
8. Әскерге шақырылушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөліміне алып келу үшін белгіленген мөлшерде жанар-жағар май алу үшін аудандық экономика және қаржы бөліміне (Н.Тоғызбаев) тапсырылсын.
9. Осы қаулының орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Қ.Жакиевке жүктелсін.
№1 қосымша аудан әкімиятының
2007 жылғы 29 наурыздағы
№ 96 қаулысымен бекітілген
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы
Бердиғалиев Бекен Амангелдыұлы - аудандық қорғаныс жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келсім бойынша);
Жанклишев Дархан Ұлықпанұлы - аудан әкімі аппаратын бас маман-заңгері, комиссия төрағасының орынбасары;
Кыдыралина Манар Бекниязқызы - медбике, комиссия хатшы (келісім бойынша)
Гумаров Куанай Сапарұлы – аудандық ішкі істері бөлімі бастығының орынбасары (келсім бойынша);
Рахметов Берік Калимуллаұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім шартпен әскери қызметкерлерді жыйнақтау және әскер қатарына шақыру бөлімше бастығы (келісім бойынша);
Қарғабаева Майра Уахитқызы - аудандық аурухананың дәрігер-терапевт (келсім бойынша);
Кенеева Ляззат Тохтамқызы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің №1 бөлімше бастығының аға көмекшісі (келісім бойынша);
Сарсенов Ерлан Жолдыбайұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім шартпен әскери қызметкерлерді жыйнақтау және әскер қатарына шақыру бөлімше бастығының аға көмекшісі (келісім бойынша), комиссия төрағасы (келісім бойынша);
Разиев Қадыр Болатұлы - аудан әкімі аппаратының бас маманы;
Сұлтанова Гүлбарам Бақытжанқызы - медбике, комиссия хатшысы (келісім бойынша).
Бериккалиев Серік Демеуғалиұлы - аудандық ішкі істер бөлімі учаскелік инспекторы (келісім бойынша);
Жаксығали Айсағали Даулетшеұлы - аудандық қорғаныс істер жөніндегі бөлімінің келісім шартпен әскери қызметкерлерді жыйнақтау және әскер қатарына шақыру бөлімше бастығының көмекшісі (келісім бойынша);
Утегалиев Малик Асқарұлы - аумақтық медицина бірлестігінің бөлім меңгерушісі (келісім бойынша);
Молдашев Марат Досқалиұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің №1 бөлімше бастығының көмекшісі (келісім бойынша).
№2 қосымша аудан әкімиятының
2007 жылғы 29 наурыздағы
№ 96 қаулысымен бекітілген
Сырым ауданы бойынша әскери қызметке шақырылған азаматтардың медициналық тексеруден өткізу кестесі
р/с
Ауылдық округтері
Бала саны
сәуір
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1
Алгабас
47
х
2
Аралтөбе
41
х
3
Бұлдырты
81
х
4
Бұлан
29
х
5
Елтай
16
х
6
Жосалы
29
х
7
Жетікөл
32
х
8
Жымпиты
80
х
9
Қособа
31
х
10
Сарой
36
х
11
Талдыбұлақ
30
х
12
Өленті
28
х
13
Ш-Аңқаты
40
х
Барлық саны
520