Құжат мәтініне өту

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года

Қаулы · № 105 · қабылданған 19.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-ekb-32849/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған Қаулы ·№ 105 ·19.04.2007
17.10.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.10.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 105 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации призыва граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу на территории области в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года
Атауы (қаз.)
2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
105
Қабылданған күні
19.04.2007
Көрсетілген редакция
17.10.2011 32849_211365.kaz
Соңғы өзгеріс
17.10.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07S0001644
ЭКБ идентификаторы
32849
Редакция идентификаторы
32849_211365
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:46

0 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанда облыс аумағындағы Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру туралы

"Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы"»Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 Заңы 19 бабы 3 тармағына сәйкес, "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы"»Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылдың 17 сәуірдегі N 318 Жарлығы негізінде облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Он сегізден жиырма жеті жасқа дейінгі, шақыруды кейінге қалдыруға немесе шақырудан босатылуға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткермеген азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру ұйымдастырылсын.

2 2. Облыстық шақыру комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес құрылсын.

3 3. Петропавл қаласы мен аудандар әкімдіктері:

қорғаныс істері жөніндегі аудандар (қаланың) бөлімдері (басқармасы) арқылы аудан (қала) аумағындағы мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін;
аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясы құрылсын;
мыналармен қамтамасыз етсін:
аудандық, (қалалық) шақыру комиссиясының жұмысы үшін қорғаныс істері жөніндегі бөлімдер (басқарма) үй-жаймен;
автомобиль көлігімен және қажетті санда техникалық қызметкерлер бөлуді;
көрсетілген іс-шараларды орындауға байланысты шығындарды осы мақсаттарға бөлінген қаржыландыру шегінде жергілікті бюджет есебінен қаржыландыруды.

4 4. Денсаулық сақтау департаменті:

Петропавл қаласындағы облыстық жинау пунктіндегі медициналық комиссияның жұмысын қамтамасыз етсін;
шақырушыларды медициналық куәлендіру жөніндегі комиссия дәрігер-мамандармен, соның ішінде тар саладағы мамандармен толықтырсын;
шақырту комиссиясымен жіберілген азаматтарды медициналық тексеру үшін емдеу-алдын алу мекемелерде орындар қарастырсын.

5 5. Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті мыналарды қамтамасыз етсін:

ішкі істер департаменті, Петропавл қалалық ішкі істер басқармасы және аудандық ішкі істер бөлімі басшыларының құрамынан лауазымды тұлғаларды облыстық, аудандық (қалалық) шақыру комиссиясының құрамына енгізуді;
азаматтарды шақыру кезеңінде қорғаныс істері жөніндегі аудандық (қалалық) бөлімдермен (басқармамен) байланысты әрекеттер ұйымдастыруды;
әскерге шақырушыларды әскери бөлімдерге аттандыру және жіберу кезінде қоғамдық тәртіптік күзетуді;
азаматтардың шақыру пункттеріне келуіне бақылау жүргізуді, шақырудан жасырынып қалуға жол бермеуді.

6 6. Мәдениет басқармасы шақыру пункттерінде көркемөнерпаздар ұжымының өнерін және әскери-патриоттық тақырыптарға кинофильмдер көрсетуді ұйымдастырсын.

7 7. Дене шынықтыру және спорт басқармасы облыстық жинау пунктінде спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізуді, шақырылушылардың жалпы даярлығына тексеруді ұйымдастырсын.

8 8. Қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.В.Развинге жүктелсін.

9 9. Осы қаулы бірінші ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

10 Облыс әкімдігінің

2007 жылғы 19 сәуірдегі
N 105 қаулысына қосымша
Облыстық шақыру комиссиясының құрамы:
Амангелдиев
Талғат Бекмұратұлы
-
Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, комиссия төрағасы (келісім бойынша)
Пелихов Владимир
Федорович
-
Солтүстік Қазақстан облысы жұмылдыру даярлығы, азаматтық қорғаныс, апаттар мен зілзалалардың алдын алу және жоюды ұйымдастыру жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, комиссия төрағасының орынбасары
Комиссия мүшелері :
Тоқсанбаев Ысқақ
Батайұлы
-
Солтүстік Қазақстан облысы ішкі істер департаменті  бастығының орынбасары
Имбаева Фирая
Гумаровна
-
№1 қалалық емхананың дәрігер-терапевті, медициналық комиссияның төрайымы
Кривошеева Зоя
Ивановна
-
облыстық аурухананың медбибісі, комиссия хатшысы,

Қолданыстағы