Құжат мәтініне өту

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан в Вооруженные Силы Республики Казахстан, другие воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года

Қаулы · № 95 · қабылданған 02.04.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-ekb-32933/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан в Вооруженные Силы Республики Казахстан, другие воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года Күшін жойған Қаулы ·№ 95 ·02.04.2007
10.04.2008 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.04.2008. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и обеспечении проведения призыва граждан в Вооруженные Силы Республики Казахстан, другие воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года

Күшін жойған Қаулы ·№ 95 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и обеспечении проведения призыва граждан в Вооруженные Силы Республики Казахстан, другие воинские формирования Республики Казахстан в апреле-июне и октябре-декабре 2007 года
Атауы (қаз.)
2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскери құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
95
Қабылданған күні
02.04.2007
Көрсетілген редакция
10.04.2008 32933_183653.kaz
Соңғы өзгеріс
10.04.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V07CF003649
ЭКБ идентификаторы
32933
Редакция идентификаторы
32933_183653
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:53

0 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының басқа әскерн құрылымдарына азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізуді қамтамасыз ету туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74-ІІІ «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-11 Заңының 31 бабына сәйкес, облыс әкімдігінің 2007 жылғы 26 наурыздағы № 81 «2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті әскери қызметке шақыру туралы» қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Әскери қызметке шақыру күніне 18 жасқа толған, әскери қызметке шақырылуын кейінге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты жасы үлкен ер жынысты азаматтарды әскери қызметке шақыру 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан- желтоқсан айларында іске асырылсын.

2 2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру үшін 1-қосымшаға сәйкес шақыру комиссиясы құрылсын.

3

3. Меншік нысанына қарамастан мекемелер мен кәсіпорындардың, оқу орындары мен ұжымдық мекемелердің басшылары, шақырушыларды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге шақырып, осы шақырумен уақытылы келулерін қамтамасыз ету ұсынылсын, селолық округ әкімдері міндеттелсін. Шақыру комиссиясын жалғастыру кезінде әскерге шақырылушы оқудан және жұмыстан жалақысы (степендиясы) сақталып босатылсын. Әскерге шақырылушыны іссапар демалыстан шақырып алып, оларды құлақтандыруды ұйымдастырып, уақытында шақыру пунктіне жетуін қамтамасыз етсін.

4 4. Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері (Бахонов Ә. К.):

1 1) әскерге шақырылушылардың денсаулығын анықтау үшін шақыру комиссиясынан өту кезіңінде дайындығы, тәжірибесі мол дәрігер-мамандарды бөлсін;

2 2) дәрігер-мамандарды, антропометрия кабинетін орта буын медбикелермен қамтамасыз етсін;

3

3) 2007 жылдың көктемгі және күзгі әскери қызметке шақыру кезінде күн сайын демалыс және мереке күндерінен басқа күндері емханада кем дегенде 50 әскерге шақырылушының анализ тапсыруын, электрокардиограмма жасауын, қанның тобын, резус факторын анықтауын, флюорографиялық тексеріс откізуді қамтамасыз етсін;

4

4) қорғаныс істері жөніндегі бөлімге әскерге шақырылушылардың жеке амбулаториялық медиңиналық қағаздарын, нервті-психикалық, туберкулез, терівенерология, жүқпалы трахома, ішкі органдардың созылмалы, сүйек, бүлшық ет, буындары ауыратындардың тізімін және ауруының тарихынан көшірмелер, дәрігерлер берген диспансерлік тексерудің қорытындысы бар мәліметтерін тапсыру міндеттелсін;

5 5) стаңионарлық (амбулаториялық) тексеру мен емделуге мұқтаж әскерге шақырылушылардың қай емдеу мекемесінде тіркелетінін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына мәлімдесін;

6 6) қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру пунктін қажетті қүрал-жабдықтармен, медиңиналық, шаруашылық мүліктермен қамтамасыз етсін;

7 7) стаңионарда емделіп жатқан әскерге шақырылу жасындағы барлық азаматтар туралы мәліметті үш күн мерзім ішінде аудандық әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын;

8 8) қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының жолдамасымен келген әскерге шақырушыларды стаңионарлық және амбулаторлық тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін, ол үшін емдеу-алдын алу мекемелерінде қажетті орындар бөлсін.

5 5. Қарғалы аудандық әділет басқармасы бастығының міндетін атқарушы (Нұрмұхамедова Г. А.) әскери міндеттілер мен шақырылушылардың әскери құжаттарында аудандық әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімкің әскери есепке алу немесе шығу белгісі болған жағдайда ғана тіркеу жүргізуі ұсынылсын.

6 6. Қарғалы аудандық ішкі істер бөлімінің бастығына (Тоқабаев С. Р.):

1 1) әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің тапсырысы бойынша шақыру комиссиясын өткізу кезеңінде тәртіпті сақтау мақсатында құрамында 2 адамнан полиңия жасағын бөлу, әскери міндеттілерді облыстық шақыру пунктіне апарып, алып қайтқанда тәртіпті қадағалауға 1 адам бөлу;

2

2) әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке алуға, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізу, олардың әскери есептің ережелерін орындауды бақылауын іске асыру және әскерге шақырушылар мен әскери міндеттілер арасынан осы ережелерді бұзушыларды анықтауға жәрдем ету;

3 3) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік жэне әскери қызмет туралы» Заңын орындаудан бас тартқандарды іздестіру және ұстау жұмыстарын жүргізуге шаралар алу;

4 4) әскери қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің сұрауы бойынша есепте тұрған 1980-1989 жылы туған шақырылушылардың тізімін беру;

5 5) жеті күн мерзімі ішінде үстінен жауап алынып, тергеу жүргізіліп жатқан шақырылушылар туралы хабарды қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарлау ұсынылсын.

7 7. Аудандық жұмыспен қамту және элеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы (Берденова Ұ. А. ) жеті күн мерзімі ішінде қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына заңды түрде мүгедек деп танылған әскери міндеттілер мен шақырылушылар туралы хабарласын.

8 8. Аудандық қаржы бөлімінің бастығы (Қасымова Ш. Ә.) азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруға байланысты шығындарды жергілікті бюджет есебінен іске асырсын.

9 9. Қарғалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына (Құмаров А.М.) 2007 жылдың 25 маусымына және 25 желтоқсанға дейін осы қаулының орындалуы туралы ақпарат берсін.

10 10. Шақыру кезінде комиссиясының мүшелерінің, медициналық, техникалык қызметкерлердің, сол сияқты қызмет ететін қызметкерлердің шақыру пункттерінде қызмет еткен уақыттарында жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталады.

11 11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

12 12. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е. Ж. Болатовка жүктелсін.

Қолданыстағы