Қолданыстағы ред. 20.04.2007 (Редакция 32962_345335.kaz)

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы от 20.04.2007 г. № 125 (Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы)

0

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 31-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі № 318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығына, Қостанай облысы әкімдігінің 2007 жылғы 19 сәуірдегі № 171 «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне жөне әскери құрылымдарына азаматтарды 2007 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы», мемлекеттік тіркеу нөмірі 3569, қаулысына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында шақыру күніне дейін 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру құқығынан айырылған жасы үлкен азаматтарды мерзімдік әскери қызметке кезекті шақыруды жүргізу жөніндегі аудандық шақыру және медициналық комиссиялардың жұмыстары ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін.

2

2. Қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясының құрамы бекітілсін.

3

3. Селолар мен селолық округтердің әкімдері:

1

1) әскерге шақырылушылардың дер кезінде хабардар етілуін және ауданның шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз етсін;

2

2) әскерге шақырылушыларды жеткізуді адамдар тасымалдау үшін арнаулы жабдықталған көліктермен жүргізілсін;

3

3) әскери қызметті өтеуге жіберілетін әскерге шақырылғандарды салтанатты шығарып салу жөнінде іс-шаралар ұйымдастырсын.

4

4. «Қостанай облысы білім беру департаментінің Науырзым кәсіптік мектебі» мемлекеттік мекемесінің директорына (Ж.М. Шаяхметова) (келісім бойынша), «Науырзым ауданының мәдениет жөне тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Г.Е. Эбенова) (келісім бойынша) әскерге шақырылушыларды Қостанай қаласына облыстық бақылау медициналық комиссиясына жеткізу үшін автобустар бөлу ұсынылсын.

5

5. Қарамеңді селолық округінің әкімі (Г.И. Гринь) 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыру комиссиясының жұмысы кезінде шақыру учаскесіндегі техникалық жұмыстар үшін Науырзым ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне екі жұмыскер бөлсін.

6

6. Қостанай облысы әкімдігінің Костанай облысы денсаулық сақтау департаментінің «Науырзым аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына Н.В. Карцева) (келісім бойынша) шақыру кезеңінде:

1

1) аудандық медициналық комиссияны жетіспейтін дәрігер-мамандармен, медициналық құралдармен, мүліктермен, оның ішінде флюорографиялық пленкалармен және химиялық реактивтермен жабдықтау жөніндегі жұмысты;

2

2) әскерге шақырылушыларды стационарлық тексеру, емдеу үшін аурухана палаталарында он орын бөлуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету ұсынылсын.

7

7. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қостанай облысының ішкі істер департаменті Науырзым ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығына (Ғ.С. Кунеков) (келісім бойынша) шақыруды жүргізу және командаларды жіберу кезеңінде:

1

1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз құзыреті шегінде жүзеге асыру;

2

2) әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін учаскелік полиция инспекторларын жіберу;

3

3) аудандық шақыру учаскесінде әскерге шақырылушылар арасында қоғамдық тәртіпті сақтау үшін екі адамнан тұратын полиция жасағын бөлу;

4

4) әскерге шақырылушыларды аудандық шақыру учаскесінен облыстық бақылау медициналық комиссиясына жеткізу кезінде бастап жүру үшін полиция инспекторын бөлу ұсынылсын.

8

8. «Науырзым ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р.Т. Бөдекенова) (келісім бойын на) әскерге шақыруды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шараларды қар жыландыруды аудандық бюджеттің шығыс сметасында қарастырылған қаржы есебінен жүзеге асырсын.

9

9. Аудан әкімдігінің «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлеріне және әскери құрылымдарына 2006 жылдың сәуір-маусымында, қазан-желтоқсанында азаматтарды кезекті шақыруды жүргізуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету туралы» 2006 жылғы 2 мамырдағы № 109 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 9-16-32, 2006 жылғы 19 мамырдағы № 12 аудандық "Науырзым" газетінде жарияланды) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

10

10. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

11

11. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Х.С. Қуатқановқа жүктелсін.

21. Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЬІ

Науырзым ауданы әкімдігінің
2007 жылғы 20 сәуірдегі
№ 125 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЬІ