Жұмыссыздардың 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» 2001жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Жұмыссыздардың 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы от 29.03.2007 г. № 260 (Жұмыссыздардың 2007 жылы ақылы қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы)
1. Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың қоса берілген тізбесі бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздарға төленетін жалақы ең төменгі мөлшерінен кем болмайтын көлемде жүршізілсін.
3. Күнтізбелік жыл бойы жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа қайта тартылуы мүмкін деп танылсын.
4. «Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Сивкова И.Н.) жұмыссыздардың қоғамдық жұмысын жергілікті бюджеттен қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
5. Бөрлі ауданы әкімдігінің «Жұмыссыздардың 2006 жылы ақылы қоғамдық жұмысын ұйымдастыру туралы» 2006 жылғы 20 қаңтардағы № 1 (2005 жылығы 25 қаңтардағы мемлекеттік тіркеу № 7-3-20, 2006 жылғы 22 ақпандағы №15, 2006 жылғы 1 наурыздағы №17 «Бөрлі жаршысы-Бурлинские вести») қаулысының күші жойылсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Р. Нығметовке жүктелсін.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі
Ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі»
Мемлекеттік мекемесінің бастығы,
Подполковник Брюзгин Игорь Николаевич
________________________ қолы
27.03 2007 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің
салық комитеті Батыс Қазақстан облысының Бөрлі
ауданы бойынша салық комитеті»
мемлекеттік мекемесінің төрайымы
Куспанова Замзагуль Менешовна
________________________ қолы
27.03 2007 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының
тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
Сандыбеков Беркингали Кайрушевич
________________________ қолы
26.03 2007 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігі
Батыс Қазақстан облысының Әділет Департаменті
Бөрлі ауданының Әділет Басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ламзина Наталья Владимировна
________________________ қолы
26.03 2007 жыл
Қосымша
Бөрлі ауданы әкімдігінің
2007 жылығы 29 наурыз
№ 260 қаулысымен бекітілген
Ақылы қоғамдық жұмыстарды жүргізетін ұйымдардың тізбесі
№
Ұйымдардың атауы
Жұмыс түрі
Еңбек жалақысы /айлық/
Мерзімі
Қаржыландыру көзі
Жұмыс жағдайы
1
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Көгалдандыру; ағаш және гүл егу; тоғандар мен арықтарды қоқыстан тазарту; аумакты, көшелерді, жол жиегін қардан, қоқыстан, арам шөптен тазарту; халық санағы мен мал санағын жүргізу; үйлердің маңындағы жертөлелерді тазарту
9752 теңге
Жыл бойы
Аудандық бюджет
Жұмыс беруші жасайды (қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етеді)
2
Ауданның селолық округ әкімдерінің аппараттары
Көгалдандыру; ағаш және гүл егу; тоғандар мен арықтарды қоқыстан тазарту; аумакты, көшелерді, жол жиегін қардан, қоқыстан, арам шөптен тазарту; халық санағы мен мал санағын жүргізу; үйлердің маңындағы жертөлелерді тазарту; бұлақтарды абаттандыру
9752 теңге
жыл бойы
Аудандық бюджет
Қажетті құралжабдықтармен қамтамасыз етеді
3
«Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы қаржы Министрлігінің салық комитеті Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданы бойынша салық комитеті» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Әділет Департаменті Бөрлі ауданының Әділет Басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Әскер қатарына шақырылатын жастағы азаматтарды құлақтандыру; тұрғындар жөнінде мәлімет жинау (халық санағын, мал санағын жүргізу және т.б.); шақыру қағаздарын тарату және азаматтарды құлақтандыру
9752 теңге
Жыл бойы
Аудандық бюджет
Қажетті құралжабдықтармен, азаматтарды нақты мекен жайларымен қамтамасыз етеді
Барлығы:
10 780 000 теңге