Қолданыстағы ред. 25.05.2007 (Редакция 33556_177867.kaz)

2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында қала аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы от 25.05.2007 г. № 159 (2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында қала аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы)

0

2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында қала аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 8 тармақшасына және 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19 бабы 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 «Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу және ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қаулысын және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 сәуірдегі №318 «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан республикасының азаматтарын 2007 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығын жүзеге асыру мақсатында, қалалық әкімият ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу жөніндегі қалалық шақыру коммиссиясының құрамы бектілсін (қосымша 1).

2

2. Қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (А. Жақияев, келісім бойынша) 2007 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айлары аралығындағы шақыру күніне дейін жасы 18-ге толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе кейінге қалдыру құқығынан айырлған азаматтарды Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру ұсынылсын.

3

3. Облыстық денсаулық сақтау департаментіне (М. Құлбасов, келісім бойынша):

1

1) шақыруды ұйымдастыру кезеңінде медициналық комиссия қызметіне қатыстырылатын дәрігерлерді, орта медициналық қызметкерлерді негізгі жұмыс орнын,қызметін және орташа айлық жалақысын сақтай отырып босату;

2

2) әскерге шақырылмағандарды қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жолдамасы бойынша қалалық емханаларда және жаңұялық-дәрігерлік амбулаторияларда рентген-флюорографиялық тексеруден және басқа да зертханалық тексерулерден (дәрет пен қанды жалпы тексеру, жүректі электрокардиограммадан өткізу) өткізуді қамтамасыз ету;

3

3) шақыру кезеңінде науқасы анықталған, шақырылған және бұрын да емделіп жүрген әскер қатарына шақырушыларды тиімді емдеуді ұйымдастыру;

4

4) 2007 жылдың сәуір және қазан айларында қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға диспансерлік амбулаториялық карталарды (Ф -025 У және Ф - 025), көз ауруына, өкпе ауруына, жүйке-психика, тері-қан тамырлары және басқа да жұқпалы аурулар бойынша есепте тұрғандардың тізімін тапсыру ұсынылсын.

4

4. Шақыру кезеңіндегі қалалық дәрігерлік комиссиясының құрамы бекітілсін (қосымша 2).

5

5. Облыстық емдеу-сауықтыру мекемелеріне, стомотологиялық емханаларға, психо-неврологиялық, тері-венерогиялық диспансерлерге әскерге шақырылғандарды қосымша тексеруден өткізуге және емдеуге қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқарманың жолдамасымен келген күннен бастап қабылдау ұсынылсын (қосымша 3).

6

6. Меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердін, оқу-орындарының, пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына, қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 2007 жылдың 24 сәуірінен 30 маусымына және 1 қазанынан 30 желтоқсанына дейінгі аралықта жұмыс орнын, қызметін және орташа айлық жалақысын сақтай отырып, техникалық қызметкерлер бөлу ұсынылсын (қосымша 4).

7

7. қалалық ішкі істер бөліміне (Н. Оразбаев, келісім бойынша):

1

1) азаматтарды әскери қызметке шақыру кезінде қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармамен бірге шақыру пунктінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, шақыру комиссиясына белгіленген мерзімде келмегендерді жедел іздестіріп, қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға жеткізу, сондай-ақ әскерге шақырудан жалтаруға жол бермеу мәселелері бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

2

2) әскерге шақыру кезінде іздестіру тобының жұмысын атқаратын ішкі істер бөлімінің үш қызметкерін селолық, кенттік округтер бойынша шықпаған азаматтарды іздестіру мақсатында кезекші көлікпен қамтамасыз ету ұсынылсын.

8

8. Меншік түріне және бағыныштылығына қарамастан кәсіпорындар мен ұйымдардың, мекемелердің басшыларына:

1

1) осы жылды сәуірі-маусымында және қазан-желтоқсанына дейін қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға 1980-1989 жылы туған, жасы әскерге шақыруға жеткен жасөспірімдердің тізімін тапсыру;

2

2) әскерге шақырылғандарды шақыру комиссиясына және әскерге аттанушыларды жинау пунктіне ұйымшылдықпен және уақытында келуін қамтамасыз ету;

3

3) 2007 жылдың сәуір және қазан айларында шақырулуға жататын барлық азаматтарды іс сапарлардан, кезекті еңбек демалыстарынан шақыртып алу ұсынылсын.

9

9. Қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға мерзімді әскери қызметке шақырудан жалтарып жүрген әскерге шақырылғандарды іздестіруді қамтамасыз ету үшін төмендегідей құрамда іздестіру тобын құру ұсынылсын:

1

1) қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқарманың өкілі:

2

2) қалалық ішкі істер бөлімінің өкілі;

3

3) техникалық қызметкерлер (әскери міндеттілер қатарынан 3 адам).

10

10. Қалалық біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға:

1

1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және облыстық жинақтау пунктіне жөнелту жөнінде шаралар өткізу;

2

2) шақыру комиссиясының ғимаратында шақырылғандар арасында тәрбие және мәдени-көпшілік жұмыстарды жүргізетін үгіттеу пунктін жабдықтау және оны көрнекі үгіт-насихат құралдарымен қамтамасыз ету ұсынылсын.

11

11. Қалалық әкімияттың 2007 жылғы 23 сәуірдегі № 121 «2007 жылдың сәуір-маусым және қазан желтоқсан айларында қала аумағындағы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу туралы» қаулысының күші жойылсын.

12

12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиевқа жүктелсін.

13

13. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жобаны ұсынған:
Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық
және әскери-жұмылдыру жұмысы
бөлімінің бастығы Н. Оразғалиев
Жоба келісілді:
Қала әкімінің орынбасары А. Әбдіров
Қала әкімінің орынбасары Ә. Нұрлығожиев
Қала әкімінің орынбасары Б. Иманғалиев
Қала әкім аппартының жетекшісі Н. Ожаев
Қалалық экономика және бюджеттік
жоспарлау бөлімінің бастығы А. Айтбаев
Қала әкімі аппарты жалпы
бөлімінің бастығы К. Ермекова
Қала әкімі аппарты жалпы
бөлімінің бастығы бас маманы
Қ. Аюпова
Қосымша келісілді: «Атырау-Жарық»
ашық акционерлік қоғамының президенті
А. Рахманов
25 май 2007 ж.
Атырау мұнай-құбырлар
басқармасының бастығы
С. Снхчян
25 май 2007 ж.
Атырау облыстық денсаулық
сақтау департаментінің бастығы
М.Құлбасов
25 май 2007 ж.
БК «Матин» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің
бас директоры Т. Байзақов
25 май 2007 ж.
Қалалық біріккен қорғаныс
істері жөніндегі басқарма бастығы
А. Жақияев
25 май 2007 ж.
Қалалық ішкі істер бөлімінің
бастығы
Н. Оразбаев
25 май 2007 ж.

28

Қалалык әкімияттың
2007 жылғы 25 мамыр № 159
қаулысына
қосымша 1
Мерзімді әскери кызметке шакыруды жүргізу жөніндегі қалалық шақыру комиссиясының ҚҰРАМЫ
Альберт Жүсіпұлы Жақияев -
қалалык біріккен қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастыгы, комиссия төрагасы
Бақыт Саиынұлы Иманғалиев - қала әкімінің орынбасары, комиссия төрагасының орынбасары
Комиссия мүшелері:
Гүлнар Хасанғалиқызы Құлғалиева № 2 қалалық емхананың дәрігер-терапевті ( келісім бойынша)
Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева - медбике,комиссия хатшысы
Руслан Әділұлы Әділов - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша)

29

Қалалык әкімияттың
2007 жылғы « 25 »мамыр
№ 159 каулысына қосымша 2
Шақыру кезеңіндегі қалалық дәрігерлік комиссияның
ҚҰРАМЫ
Гүлнәр Хасанғаликызы Кұлғалиена-медициналық комиссия төрайымы
Айгүл Самарханқызы Маштақова-дәрігер-невропотолог
Бақтыгүл Ғаббасқызы Арыстанғалиева-
дәрігер - дерматолог
Бақтылы Барақайқызы Саназарова-дәрігер- кардиолог
Есет Баденұлы Ихдапов-тіс дәрігері
Жақсылық Әсемгалнүлы Әсемгалиев-дәрігер-хирург
Жүмазия Көпжанқызы Оразова-дәрігер – психиатр
Зульфина Іздагапкызы Есенгалиева-көз- дәрігері
Сара Ибатоллакызы Шекенова-дәрігер -терапевт
Сембек Үмбетүлы Үмбетов-дәрігер - фтизиатр
Татьяна Ивановна Бимаганова-дәрігер - отолоринголог
Орта медицина қызметкерлері:
Гүлнәр Ерекешқызы Шагирова
Қалжан Төлеуқызы Дүйсалиева
Қалима Сағынқызы Жантемірова
Рауза Дәрменғалиқызы Тауашева
Светлана Шакиқызы Сабирова
Тамара Шәріпқызы Дүйсебаева

30

Қалалық әкімияттың
2007 жылғы «25» мамыр
№ 159 қаулысына қосымша 3
Әскер қатарына шақырылушылардың стационарлық және амбулаториялық медициналық тексеруден өтетін емдеу-профилактикалық мекемелерінің
ТІЗБЕСІ

12

12. 0блыстық аурухана, диагностикалық-консультациялық орталығы

13

13. Облыстық біріккен туберкулез ауруханасы

14

14. Облыстық тері-венерологиялық диспансері

15

15. Облыстық психо-неврологиялық диспансері

16

16. Қалалық өкпе аурулар диспансері

17

17. № 1 қалалық аурухана

18

18. № 2 қалалық аурухана

19

19. № 1 қалалык емхана

20

20. № 2 қалалық емхана

21

21. № 3 қалалық емхана

22

22. № 4 қалалық емхана

42

Қалалық әкімияттың
2007 жылғы «25» мамыр
№ 159 қаулысына қосымша 4
2007 жылдың 24 сәуірінен 30 маусымына және 1 қазанынан 30 желтоқсанына дейінгі аралықта техникалық қызметкерлерді бөлетін кәсіпорын, мекеме және оқу-орындарының ТІЗІМІ

1

1. БК «Матин» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 1 адам

2

2. Атырау мұнай-құбырлары басқармасы 1 адам

3

3. «Атырау - жарық» АҚ 1 адам

4

4. Х.Досмухамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік университеті 1 адам

5

5. Атырау мұнай және газ интституты 1 адам

6

6. № 1 кәсіптік мектеп 1 адам

7

7. № 3 кәсіптік мектеп 1 адам

8

8. № 4 кәсіптік мектеп 1 адам

9

9. № 2 кәсіптік лицей 1 адам

10

10. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 15 адам