Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об использовании избирательных бюллетеней во время голосования на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента четвертого созыва и очередных выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан в 2007 году

Қаулы · № 109/237 · қабылданған 15.08.2007
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2007-ekb-35055/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об использовании избирательных бюллетеней во время голосования на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента четвертого созыва и очередных выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан в 2007 году Күшін жойған 24.06.2026 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об использовании избирательных бюллетеней во время голосования на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента четвертого созыва и очередных выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан в 2007 году

Күшін жойған Қаулы № 109/237 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об использовании избирательных бюллетеней во время голосования на внеочередных выборах депутатов Мажилиса Парламента четвертого созыва и очередных выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан в 2007 году
Атауы (қаз.)
2007 жылы төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауда және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлауда дауыс беру уақытында сайлау бюллетеньдерін пайдалану туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
109/237
Қабылданған күні
15.08.2007
Көрсетілген редакция
24.06.2026 35055_831577.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2026
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V070004875_
ЭКБ идентификаторы
35055
Редакция идентификаторы
35055_831577
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 15:08
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 2007 жылы төртінші шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлауда және мәслихаттары депутаттарын кезекті сайлауда дауыс беру уақытында сайлау бюллетеньдерін пайдалану туралы

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 41 және 42-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жасырын дауыс беруге арналған кабинада сайлау бюллетенін (бюллетеньдерін) өзі дауыс беретін кандидат тегінің, саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршының ішіне кез келген белгі соғу арқылы толтырған сайлаушы оны (оларды) дауыс беруге арналған жәшікке салады.

2. Сайлау бюллетенін бүлдірген жағдайда, сайлаушының өтініші бойынша оған жаңа сайлау бюллетені беріледі. Жаңа сайлау бюллетені сайлаушыға тек бір рет беріледі. Бүлінген сайлау бюллетені пайдаланылмаған болып есептеледі және қалған пайдаланылмаған сайлау бюллетеньдерімен бірге жойылады.

3. Сайлау бюллетенін дауыс беруге арналған жәшікке салған сайлаушы дауыс беруге арналған үй-жайдан кетеді.

4. Сайлаушыға берілген сайлау бюллетеньдері мен сайлаушының электрондық карточкалары дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерлерге шығарылмауға тиіс. Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушыны бұл туралы ескертеді.

5. Осы қаулы облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларына жіберілсін.

6. Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссиялары осы қаулыны төмен тұрған сайлау комиссияларының назарына жеткізсін.