Құжат мәтініне өту

Об очередном призыве на срочную военную службу весной-осенью 2008 года граждан 1981-1990 годов рождения и трудоустройстве уволенных в запас из Вооруженных Сил Республики Казахстан военнослужащих срочной службы

Қаулы · № 1041 · қабылданған 18.04.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-1981-1990-ekb-39321/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об очередном призыве на срочную военную службу весной-осенью 2008 года граждан 1981-1990 годов рождения и трудоустройстве уволенных в запас из Вооруженных Сил Республики Казахстан военнослужащих срочной службы Күшін жойған Қаулы ·№ 1041 ·18.04.2008
17.07.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.07.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об очередном призыве на срочную военную службу весной-осенью 2008 года граждан 1981-1990 годов рождения и трудоустройстве уволенных в запас из Вооруженных Сил Республики Казахстан военнослужащих срочной службы

Күшін жойған Қаулы ·№ 1041 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об очередном призыве на срочную военную службу весной-осенью 2008 года граждан 1981-1990 годов рождения и трудоустройстве уволенных в запас из Вооруженных Сил Республики Казахстан военнослужащих срочной службы
Атауы (қаз.)
2008 жылдың көктем мен күзiнде 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнен запасқа шыққан мерзiмдi әскери қызметшiлердi жұмысқа орналастыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1041
Қабылданған күні
18.04.2008
Көрсетілген редакция
17.07.2009 AI39321_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.07.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08CA000090
ЭКБ идентификаторы
39321
Редакция идентификаторы
AI39321_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:36

0 2008 жылдың көктем мен күзiнде 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнен запасқа шыққан мерзiмдi әскери қызметшiлердi жұмысқа орналастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 563 "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір - маусымында және қазан-желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Жарлығына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі N 74 "Әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңының 18 , 19 , 20 , 21 , 23 , 44 баптары негізінде қала әкiмдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы шақыру кезеңiнде 18 жасқа толған және әскери қызметке шақырылуын кейiнге қалдыру құқығы жоқ, сол сияқты шақырылуын кейiнге қалдыру құқығын жоғалтқан ер азаматтарды 2008 жылғы сәуiр-маусымда және қазан-желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiне шұғыл әскери қызметке шақыруды жүзеге асырсын.

2 2. "Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау Департаменті" ММ директоры (Қ. Қ. Сабыр - келісім бойынша) "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" ММ қарамағына:

1 1) шақырушыларды медициналық куәландыру жүргiзу үшiн маман дәрігерлердің резервтік құрамына маман дәрiгерлер мен медбикелер бөлсін;

2 2) 2008 жылғы 1 мамырға және 1 қазанға дейiнгi мерзiмде "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" ММ диспансерлік есепте тұрған адамдардың тiзiмiн, сол сияқты ауыратын шақырылушылардың жеке карталарын (Ф.025у) жеткiзсiн;

3 3) қажет болса "Ақтөбе қаласы қорғаныс істері жөніндегі басқармасы" ММ жолдамасы бойынша шақырылушыларды қосымша медициналық тексеруден өткізу қамтамасыз етілсін, ол үшін бекітіліп берілген емдеу-профилактикалық ұйымдарға төсек-орынның қажетті санын бөлсін;

4 4) шақыру кезiнде стационарлық емделуде жатқан шақырылушылар туралы үш күннiң iшiнде "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы" ММ-іне хабарлансын.

3 3. Ақтөбе қаласы Әділет басқармасының бастығы (О. С. Дәулембаевқа - келісім бойынша) әскери құжаттарында әскерге шақырылушылардың әскери есепке алынғаны және әскери есептен шығарылғаны туралы белгілері болған жағдайда тұрғылықты жайларына тіркеу мен шығаруды іске асырсын.

4 4. Қалалық iшкi iстер бөлімі бастығы (М. А. Өсербаев - келісім бойынша):

1 1) шақырудың барлық кезеңінде шақыру қосынында қоғамдық тәртiптi сақтау үшiн екi адамнан тұратын полиция нарядын бөлсiн;

2 2) әскери міндеттілік және әскери қызметтен бас тартушы адамдарды іздестіру және ұстау жүргізсін;

3 3) жетi күндiк мерзiм iшiнде қорғаныс iстері жөніндегі басқармасына анықтама немесе алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан әскерге шақырылушылар туралы хабарласын;

5 5. Мемлекеттік орган және меншік түріне қарамастан ұйым басшылары әскерге шақырылушыларды iссапардан (еңбек демалысынан) шақырып алу, оларға хабарлауды ұйымдастыру және олардың шақыру қосынына дер кезінде келуін қамтамасыз етуге тиіс.

6 6. Селолық округтер әкiмдерi "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы" ММ келiсiмi бойынша шақырылушыларға шақыру қосынына шақырылуы туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша дер кезiнде келуiн қамтамасыз етсiн.

7 7. Қала әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала және мәдени дамыту мониторингi бөлiмi және "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы" ММ бастығының көмекшісімен (А. Т. Оразалина) бiрлесiп шақырылушылар арасында тәрбие жұмыстары бойынша шаралар өткiзсiн.

8 8. Шақыруды жүргізу кезінде шақыру учаскесіне жұмыс істеуге жолданған шақыру комиссиясы мүшелерінің, медициналық, техникалық қызметкерлердің жұмыс орны, лауазымы, орташа жалақысы сақталсын.

9 9. "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы" ММ бастығы (Т. К. Бөлтеев) қала әкiмiне 2008 жылдың 5 шілдесіне және 2009 жылдың 5 қаңтарына шақыру қорытындылары бойынша ақпарат берсiн.

10 10. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары С. М. Қалдығұловаға және "Ақтөбе қаласы қорғаныс iстері жөніндегі басқармасы" ММ бастығы Т. К. Бөлтеевке жүктелсiн.

11 11. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді.

Қолданыстағы