Қолданыстағы ред. 26.05.2008 (Редакция 39947_355132.kaz)

2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында 1981-1990 жылы туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы от 26.05.2008 г. № 119 (2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында 1981-1990 жылы туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы)

0

2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында 1981-1990 жылы туған азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 19,20,23 баптарына сәйкес және қазақстан республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 8 тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі № 563 «белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілерін запасқа шығару және Қазақстан республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан желтоқсанында Атырау облысы аумағында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру өткізу туралы» қаулысын іске асыру мақсатында аудан әкімияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында аудан аумағында шақыру күніне 18 жасқа толған, мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылу немесе шақыру мерзімінін кейінге қалдыру құқығы жоқ ер азаматтарды, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыру мерзімін кейінгі қалдыру құқығын жойған 27 жасқа дейінгі ересек жастағы аудан азаматтарын Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына, басқа әскерлер мен әскери құрылымдарға мерзімді әскери қызметке шақыру және жіберу ұйымдастырылсын.

2

2. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу мақсатында № 1 қосымшаға сәйкес аудандық шақыру комиссиясы құрылсын.

3

3. Селолық, ауылдық округ әкімдері:

1

1) шалғайдағы селолық, ауылдық округтерде тұратын әскер қатарына шақырылушы азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін кестеге сай белгіленген уақытта аудан орталығына және Атырау облыстық қорғаныс істері жөніндегі Департаментінің жинақтау пунктінде өтетін облыстық дәрігерлік тексеру комиссиясына (Атырау қаласы), әскер қатарына аттандырылатын азаматтарды Атырау қаласына жеткізуге, сондай-ақ шақырушыларды тасымалдау үшін автокөліктер бөлінсін;

2

2) аудандық шақыру пунктін жабдықтау және оған қажетті дәрі-дәрмекпен, құрал-жабдықтармен және жаруашылық мүлікпен, автомобиль көлігімен, сондай – ақ байланыс құралдарына кететін шығынның көлемі аудандық жергілікті бюджет арқылы анықталып, көктемгі және күзгі әскерге шақыру іс-шараларын жүзеге асыру үшін материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етсін;

3

3) көктемгі және күзгі әскер қатарына шақыруға байланысты міндеттерін атқаруға тартылған азаматтардың (аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім қызметкерлерінің) өз міндеттерін атқару іс-сапармен байланысты болса, іс-сапар шығындары төленсін;

4

4) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезінде шақыру (жинақтау) пунктіне жұмысқа бөлінетін шақыру комиссиясы мүшелерінің, техникалық қызметкерлермен қызмет көрсететтін персоналдық жұмыс орындары бойынша орташа еңбекақысы сақталсын.

4

4. Аудандық емханаға (келісім бойынша):

1

1) әскер қатарына шақырушыларды медициналық куәландырудан өткізу үшін аудандық шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияны білікті дәрігер-мамандармен, орта медициналық персоналмен қамтамасыз ету және медициналық комиссия құру;

2

2) әскер қатарына шақырушыларды флюорографиялық (ренгенографиялық) зерттеуден өтуін, қанның тобы мен резус факторының анықталуының, қанның және несептің жалпы талдауын, электрокардиографиядан өткізілуін, микрореакциясының анықталуының кестеге сай жүзеге асырып, бақылау жасау;

3

3) жергілікті селолық ауруханаларда, дәрігерлік амбулаторияларда және жанұялық дәрігерлік амбулаторияларда сақталатын әскер қатарына шақырушыардан Ф-25/у амбулаториялық (стационарлық) аурулардың жеке картасы) формаларының шақыру комиссиясының құрамындағы медициналық комиссияның отырысы кезінде міндетті түрде болуын қамтамасыз ету ұсынылсын.

5

5. Аудандық ішкі істер бөліміне (келісім – бойынша):

1

1) әскери қызметке шақырудан жалтарған тұлғаларды іздестіріп, тауып, шарасын алу, ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жеткізілуін қамтамасыз ету, сондай-ақ аудандық және облыстық шақыру комиссияларына әскер қатарына шақырушыларды тасымалдау кезінде және аудандық шақыру пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету;

2

2) шақырудан жалтарған тұлғаларды істестіру және олардың нақты тұратын жерін анықтау жөнінде жедел топтар құруды ұйымдастыру ұсынылсын.

6

6. Ауданның барлық мекеме, шаруашылық, ұйым басшылары, шаруа қожалықтары мен серіктестік торағаларына (меншік түріне қарамастан) әскер қатарына шақырулышы азаматтарды, олардың аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақырылғандығы туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.

7

7. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім- бойынша) әскер қатарына шақыру науқаны кезінде олардың іс-қағаздарының толық болуын қамтамасыз ету, шақыру комиссиясының жұмысын және әскер қатарына щақырушыларды облыстық дәрігерлік тексеру комиссиясына, әскер қатарына аттандыру жұмыстарын ұйымдастыру және орындалғаны жөнінде хабарлама беру ұсынылсын.

8

8. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзімі қалдырамын.

9

9. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«Келісемін»
Аудандық орталық емхананың
бас дәрігері: С. Тайшыбай
аудандық ішкі істер бөлімінің
бастығы: С. Жапақов
Аудандық қорғаныс істері жөніндегі
бөлім бастығының міндетін атқарушы:
Е. Нұров

19

Аудан әкімиятының 2008 жылғы
«26» мамырдағы № 119 қаулысына
қосымша
Аудандық шақыру комиссиясының құрамы:
Нұров Есенбай Сәмекұлы – Қызылқоға ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлім бастығының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрағасы «келісім бойынша);
Тұрдағалиев Жәнібек Жауқашұлы – аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерішісі, комиссия төрағасының орынбасары;
Комиссия мүшелері:
Бисенова Айгүл Өтебалықызы – Қызылқоға аудандық емхана дәрігер-неврологі, (медициналық комиссиясының төрайымы),(келісім бойынша);
Сүндетбаева Нұрзила Сүндетбайқызы – Қызылқоға аудандық емханасының медбибісі, комиссия хатшысы (келісім бойынша);
Рысмұқанбет Қайрат Құбайдоллаұлы – Қызылқоға ауданының ішкі – істер бөлімі бастығының орынбасары (келісім бойынша);