2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 246
- Қабылданған күні
- 09.09.2008
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2008 · қолданыстағы 41816_318868.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08ZF000070
- ЭКБ идентификаторы
- 41816
- Редакция идентификаторы
- 41816_318868
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:53
0 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» және «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі «Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметкерлерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2008 жылдың сәуір-маусымында және қазан- желтоқсанында кезекті мерзімді әскери кызметке шақыру туралы» №563 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (А.Мағзомов) 2008 жылдың сәуір-маусым және қазан-желтоқсан айларында шақыру күніне 18 жасқа толған мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылуға немесе кейінге қалдыруға құқығы жоқ ер азаматтарды сондай-ақ шақырылуды кейінге қалдыру құқығынан айырылған 1981-1990 жылдары туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырсын, белгіленген мерзімде маусымда, желтоқсанда аудан әкімі аппаратына ақпарат тапсыратын болсын.
2 2. Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру және резервтік комиссиялардың құрамдары №1 қосымшаға және 2008 жылы көктемгі және күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өткізу кестесі №2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3 3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру кезеңінде «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңына сәйкес шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу үшін аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі жабдықталған орын бөлсін.
4
4. Шақыру комиссиясының мүлтіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында әскерге шақыру пунктіне көмек көрсету үшін Жәнібек ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы (Ж.Хаирлиев) 3 техникалық қызметкерлер шақырылушылар медициналық комиссия өтуі кезінде аудандық қорғаныс жөніндегі бөлімінің кестесіне сәйкес кезекші автокөлік бөлетін болсын.
5 5. Ауылдық округтер әкімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшыларына:
1 1) шақырылған азаматтардың медициналық тексеру мен шақыру комиссиясына және оларды облыстық жинақтау пунктіне жеткізу үшін толықтай келуін қамтамасыз етсін;
2 2) мерзімді әскери қызметке алынушылар салтанатты түрде шығарып салуды ұйымдастырсын.
6
6. «Жәнібек аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны (Т.Мұсағалиев) шақырылғандарды медициналық тексеруден өткізу үшін қажетті жоғары білімді тәжірибелі маман дәрігерлерді бөліп, шақыру пунктін медициналық құрал-жабдықтармен, лабораториялық және рентген тексерулерін қамтамасыз ету шараларын алсын. Шақыру комиссиясының қорытындысы бойынша азаматтардың стационарлық және амбулаториялық тексеруден өтуі үшін 10 орын бөлінетін болсын.
7 7. Аудандық ішкі істер бөліміне (С.Мукатов):
1 1) шақыру кезеңінде аудандық шақыру пунктінде шақырушылар жөнелтілетін бекеттерде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін;
2 2) әскери қызметке шақырылғандарды жинақтау пунктіне жөнелту орнына алып баратын автобустарды мемлекеттік автоинспекция қызметкерлерінің қостауын ұйымдастырсын;
3 3) медициналық тексеруге уақытында немесе әскери міндеттіліктен жалтарған шақырушыларды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуіне көмектессін;
4 4) аудандық ішкі істер бөліміне алдын-ала тексеру және тіркеу жөніндегі шаралар бойынша қылмыстық іс қозғалған шақырылушылар туралы мәліметті мерзімді уақытта аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөліміне хабарлайтын болсын.
8 8. «Жолаушы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (Қ.Қалташбаев) әскерге шақырушыларды әскерге жөнелту орнына аттандыру үшін белгіленген мерзімдерге сай автобус бөлетін болсын.
9 9. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Есенғалиевке жүктелсін.
10 10. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
17 Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясы құрамы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
9 қыркүйектегі №246 қаулысына
№1 қосымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
9 қыркүйектегі №246 қаулысымен
бекітілді
Мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру комиссиясы құрамы
Мағзомов Арман Төлепұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы;
Қайдаров Мереке Жұмабайұлы - аудандық ішкі саясат бөлімінің, меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Төлеуов Берік Төлепұлы – аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Өтегенов Амангелді Бұхарұлы - аудандық аурухананың дәрігері, медициналық комиссияның төрағасы;
Шукенова Бәлия Сағынғалиқызы - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы.
Бекжанов Нұртас Нұрманұлы - аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бөлімше бастығы, комиссия төрағасы
Өтешев Тимур Ерденбекұлы - аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің меңгерушісі, комиссия төрағасының орынбасары.
Дауова Мәнсия Нариманқызы - аудандық аурухананың дәрігері;
Қуанышқалиев Еркін Сабидоллаұлы - аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары;
Қойбағарова Күләш - аудандық аурухананың медбикесі, комиссия хатшысы.
18 2008 жылы көктемгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өткізу кестесі
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
9 қыркүйектегі №246 қаулысына
№2 қосымша
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы
9 қыркүйектегі №240 қаулысымен
бекітілді
2008 жылы көктемгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өткізу кестесі
№
Ауылдық округтерінің атауы
Шақырушылардың саны
Сәуір
01.04
02.04
03.04
04.04
07.04
1
Ақоба а/о
10
+
2
Борсы а/о
15
+
3
Жақсыбай а/о
29
+
4
Қамысты а/о
21
+
5
Күйгенкөл а/о
13
+
6
Тау а/о
16
+
7
Талов а/о
21
+
8
Ұзынкөл а/о
11
+
9
Жәнібек а/о
84
+
+
Барлығы
220
44
40
48
50
42
2008 жылы күзгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың өткізу кестесі
№
Ауылдық округтерінің атауы
Шақырушылардың саны
Қазан
01.10
02.10
03.10
06.10
07.10
1
Ақоба а/о
10
+
2
Борсы а/о
15
+
3
Жақсыбай а/о
29
+
4
Қамысты а/о
21
+
5
Күйгенкөл а/о
13
+
6
Тау а/о
16
+
7
Талов а/о
21
+
8
Ұзынкөл а/о
11
+
9
Жәнібек а/о
94
+
+
Барлығы
230
44
50
48
50
42