Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы
Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге дақырылушыларды әскери есепке алуды жургізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында, Көкпекті ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру от 10.12.2007 г. № 737 (Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру)
1. Көкпекті ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (М.Д. Садықов) (келісім бойынша) ұсынылсын:
1) Заңмен белгіленген мерзімде 1991 жылғы туған азаматтардың шакыру учаскесінде, сондай-ақ бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу;
2) 1991 жылы туған азаматтарды есепке тіркеу алдында ауданның селолық округ әкімдерімен бір күндік нұсқаулық-әдіскерлік сабақтар өткізу;
3) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде «ВС», «ВТР», «БАТ» санаттарының жүргізушілерін дайындау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу;
4) «Көкпекті ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрліктерінің әскери-техникалық оқу орындарына кандидатарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексеру.
2. Меншік түріне және бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар,
мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына, ер балаларды шақыру қағазында көрсетілген уақытта және қажетті құжаттармен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
3. № 1 Көкпекті аудандық ауруханасына (Қ.Т. Толықбаев) (келісім бойынша), Самар орталық аудандық ауруханасына (С.Ф. Күдербаев) (келісім бойынша) 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінеде тіркеуді ұйымдастыру үшін келесі шаралар қабылдау ұсынылсын:
1) медицина мекемелеріне жіберілген әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылудан өтуін, сондай-ақ, емделуге мұктаж болғандардың амбулаториялық емделуін және жатқызын емделуін қамтамасыз ету, олардың денсаулығын түзету бойынша барлық шаралар қолдану;
2) 1991 жылы туған әскерге шақырылушыларды 025-ІV үлгідегі медициналық картамен қамтамасыз ету;
3) дәрігерлер және орта медицина кызметшілер сыркаттанып қалса, олардың орнына мамандығына сәйкес басқа қызметшілерді жіберу.
4. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне (Е. Жұмажанов) 1991 жылы туған жасөспірімдерді есепке тіркеу мерзімінде олармен спорт шараларын ұйымдастырсын.
5. Көкпекті аудандық ішкі істер бөліміне (Н.М. Түгелов) (келісім бойынша) есепке тіркеуге жалтарып жүрген азаматтарды іздеп табуды қамтамасыз ету, шақыру учаскелерінде қоғамдык тәртіпті сақтау үшін полициядан наряд бөлінуі ұсынылсын
6. Селолық округ әкімдеріне:
1) жасөспірімдерді шақыру пунктіне жеткізу үшін селолық округтің маманын және мектептегі алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы – оқытушысы бөлінсін.
7. Аудандық қаржы бөліміне (З.Ш. Ахмерова) Көкпекті ауданы бойынша 1990 жылы туған азаматтарды есепке тұруды ұйымдастыру мен өткізу үшін бюджетпен қарастырылған ақшалай қаржы бөлінсін.
8. Көкпекті аудандық Әщлет басқармасында 2007 жылғы 26 ақпандағы № 5-15-23 нөмірімен тіркелген аудан әкімінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 745 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
9. Осы шешім Көқпекті аудандық әділет басқармасында тіркелген соң қолданысқа енгізіледі.
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Рәмзи Сабырұлы Беспаевқа жүктелсін.