Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкпекті ауданы бойынша 2008 жылы 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді өткізу туралы Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабының 3 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабының 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасында әскери міндеттілер мен әскерге дақырылушыларды әскери есепке алуды жургізу тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 мамырдағы № 371 қаулысына сәйкес, 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінде есепке тіркеуді уақтылы және сапалы дайындығын қамтамасыз ету мақсатында, Көкпекті ауданының әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкпекті ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (М.Д. Садықов) (келісім бойынша) ұсынылсын:
Тармақша 1
1) Заңмен белгіленген мерзімде 1991 жылғы туған азаматтардың шакыру учаскесінде, сондай-ақ бұрын тізімге алынбағандардың тіркеуін өткізу;
Тармақша 2
2) 1991 жылы туған азаматтарды есепке тіркеу алдында ауданның селолық округ әкімдерімен бір күндік нұсқаулық-әдіскерлік сабақтар өткізу;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігінің әскери-техникалық мектептерінде «ВС», «ВТР», «БАТ» санаттарының жүргізушілерін дайындау үшін кандидаттарды іріктеуді өткізу;
Тармақша 4
4) «Көкпекті ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірге Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрліктерінің әскери-техникалық оқу орындарына кандидатарды іріктеу комиссиясын құрып, дене шынықтыру дайындығы мен білім деңгейін тексеру.
Тармақ 2
2. Меншік түріне және бағыныстылығына қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, оқу орындарының басшыларына, ер балаларды шақыру қағазында көрсетілген уақытта және қажетті құжаттармен шақыру учаскесіне келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 3
3. № 1 Көкпекті аудандық ауруханасына (Қ.Т. Толықбаев) (келісім бойынша), Самар орталық аудандық ауруханасына (С.Ф. Күдербаев) (келісім бойынша) 1991 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесінеде тіркеуді ұйымдастыру үшін келесі шаралар қабылдау ұсынылсын:
Тармақша 1
1) медицина мекемелеріне жіберілген әскерге шақырылушылардың медициналық куәландырылудан өтуін, сондай-ақ, емделуге мұктаж болғандардың амбулаториялық емделуін және жатқызын емделуін қамтамасыз ету, олардың денсаулығын түзету бойынша барлық шаралар қолдану;
Тармақша 2
2) 1991 жылы туған әскерге шақырылушыларды 025-ІV үлгідегі медициналық картамен қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) дәрігерлер және орта медицина кызметшілер сыркаттанып қалса, олардың орнына мамандығына сәйкес басқа қызметшілерді жіберу.
Тармақ 4
4. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіне (Е. Жұмажанов) 1991 жылы туған жасөспірімдерді есепке тіркеу мерзімінде олармен спорт шараларын ұйымдастырсын.
Тармақ 5
5. Көкпекті аудандық ішкі істер бөліміне (Н.М. Түгелов) (келісім бойынша) есепке тіркеуге жалтарып жүрген азаматтарды іздеп табуды қамтамасыз ету, шақыру учаскелерінде қоғамдык тәртіпті сақтау үшін полициядан наряд бөлінуі ұсынылсын
Тармақ 6
6. Селолық округ әкімдеріне:
Тармақша 1
1) жасөспірімдерді шақыру пунктіне жеткізу үшін селолық округтің маманын және мектептегі алғашқы әскери дайындық бойынша ұйымдастырушы – оқытушысы бөлінсін.
Тармақ 7
7. Аудандық қаржы бөліміне (З.Ш. Ахмерова) Көкпекті ауданы бойынша 1990 жылы туған азаматтарды есепке тұруды ұйымдастыру мен өткізу үшін бюджетпен қарастырылған ақшалай қаржы бөлінсін.
Тармақ 8
8. Көкпекті аудандық Әщлет басқармасында 2007 жылғы 26 ақпандағы № 5-15-23 нөмірімен тіркелген аудан әкімінің 2007 жылғы 13 ақпандағы № 745 шешімінің күші жойылды деп есептелсін.
Тармақ 9
9. Осы шешім Көқпекті аудандық әділет басқармасында тіркелген соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 10
10. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Рәмзи Сабырұлы Беспаевқа жүктелсін.