«2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы»
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы» от 27.12.2007 г. № 427 («2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы»)
1. 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне әскери тіркеуге алуды 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізу үшін, мына төмендегі құрамда комиссия құрылсын:
Бидайбеков Тимур Қайнарбекұлы - қалалық қорғаныс істері жөніндегі
бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша);
Сейтметова Айсұлу Мараимқызы - қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары.
Комиссия мушелері:
Нақыпов Молдабай Зайырұлы - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының
орынбасары (келісімі бойынша);
Елеусізов Оспан Хұсайынұлы - дәрігер, медициналық комиссияның
төрағасы (келісімі бойынша);
Пермитина Галина Петрқызы - комиссия хатшысы.
2. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығына (Сандыбаев Ә.Т. -келісімі бойынша):
1) Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша,
азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу аумағын медициналық
құралдармен қамтамасыз ету;
2) шақыру учаскелеріне тіркелетін шақырушылардың дер кезінде тексеруден өткізілуіне дәрігер мамандар құрамын құрып, бекіту;
3) медициналық куәландыруға қатысушы дәрігерлерді еңбек орны мен орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жіберуді ұйымдастыру;
4) әскерге шақырылғанға дейін қалалық денсаулық сақтау бөлімінің дәрігерлерімен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспарына сәйкес сабақтар өткізу ұсынылсын.
3. Кентау аудандық электр жүйесі (Көлбаев Құрбанәлі - келісімі бойынша):
Әскери тіркелу жүргізу кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін сағат 9 00 ден 18 00—ге дейін электр жүйесімен үздіксіз қамтамасыз ету ұсынылсын.
4. Қалалық білім беру бөлімінің бастығына (Зейдуллаұлы Б.), №7 кәсіптік- техникалық мектептің директорына (Адыршаев С. А. - келісімі бойынша), Кентау көпсалалы колледж директорына (Әбдірахманов С.Т. - келісімі бойынша), қала оқу орындарында оқитын жасөспірімдерді тіркеуден ұйымшылдықпен өткізуге жәрдем жасау ұсынылсын.
5. Елді мекен және ауыл әкімдері шақыру учаскелерінде тіркелуге тиісті жасөспірімдер тізімін 2008 жылдың қаңтарына қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын және кесте бойьнша
уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
6. Қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Нұржанов Н.А.) 1991 жылы
туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу үшін қажетті қаржы көздерін қарастырсын.
7. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17-бабының 8-тармақшасына сәйкес, азаматтар әскерге есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.
8. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасары
Әлімбетов Бегайдар Әлиярұлына жүктелсін.
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізілсін.