«2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы» Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.12.2007. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында шақыру учаскелерінде 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31-бабына және Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17-бабына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. 1991 жылы туылған азаматтарды шақыру учаскелеріне әскери тіркеуге алуды 2008 жылдың қаңтар-наурыз айларында өткізу үшін, мына төмендегі құрамда комиссия құрылсын: Бидайбеков Тимур Қайнарбекұлы - қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы, комиссия төрағасы (келісімі бойынша); Сейтметова Айсұлу Мараимқызы - қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы, комиссия төрағасының орынбасары. Комиссия мушелері: Нақыпов Молдабай Зайырұлы - қалалық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары (келісімі бойынша); Елеусізов Оспан Хұсайынұлы - дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы (келісімі бойынша); Пермитина Галина Петрқызы - комиссия хатшысы.
Тармақ 2
2. Қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығына (Сандыбаев Ә.Т. -келісімі бойынша):
Тармақша 1
1) Қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің сұранысы бойынша, азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу өткізу аумағын медициналық құралдармен қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) шақыру учаскелеріне тіркелетін шақырушылардың дер кезінде тексеруден өткізілуіне дәрігер мамандар құрамын құрып, бекіту;
Тармақша 3
3) медициналық куәландыруға қатысушы дәрігерлерді еңбек орны мен орташа айлық жалақысын сақтай отырып, жіберуді ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) әскерге шақырылғанға дейін қалалық денсаулық сақтау бөлімінің дәрігерлерімен қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жоспарына сәйкес сабақтар өткізу ұсынылсын.
Тармақ 3
3. Кентау аудандық электр жүйесі (Көлбаев Құрбанәлі - келісімі бойынша): Әскери тіркелу жүргізу кезінде қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімін сағат 9 00 ден 18 00—ге дейін электр жүйесімен үздіксіз қамтамасыз ету ұсынылсын.
Тармақ 4
4. Қалалық білім беру бөлімінің бастығына (Зейдуллаұлы Б.), №7 кәсіптік- техникалық мектептің директорына (Адыршаев С. А. - келісімі бойынша), Кентау көпсалалы колледж директорына (Әбдірахманов С.Т. - келісімі бойынша), қала оқу орындарында оқитын жасөспірімдерді тіркеуден ұйымшылдықпен өткізуге жәрдем жасау ұсынылсын.
Тармақ 5
5. Елді мекен және ауыл әкімдері шақыру учаскелерінде тіркелуге тиісті жасөспірімдер тізімін 2008 жылдың қаңтарына қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсырсын және кесте бойьнша уақтылы келуін қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Қалалық қаржы бөлімінің меңгерушісі (Нұржанов Н.А.) 1991 жылы туылған азаматтарды тіркеуге алуды жүргізу үшін қажетті қаржы көздерін қарастырсын.
Тармақ 7
7. Қазақстан Республикасының «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңының 17-бабының 8-тармақшасына сәйкес, азаматтар әскерге есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босатылады.
Тармақ 8
8. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасары Әлімбетов Бегайдар Әлиярұлына жүктелсін.
Тармақ 9
9. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.