Қолданыстағы ред. 29.12.2007 (Редакция 37791_323772.kaz)

2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде әскери есепке алу бөлімшесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы от 29.12.2007 г. № 30 (2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан көлемінде әскери есепке алу бөлімшесіне 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу туралы)

0

2008 жылғы қаңтар-наурыз айларында
аудан көлемінде әскери есепке алу
бөлімшесіне 1991 жылы туған
азаматтарды тіркеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 33 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Заңының 17 бабы 3 тармағына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. 2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1991 жылы туған азаматтарды және түрлі себептермен тіркелмеген жасы үлкен азаматтарды әскери есепке алу бөлімшесіне тіркеу ұйымдастырылсын.

2

2. Азаматтарды әскери есепке тіркеу жөніндегі комиссиясы 1-қосымшаға сәйкес құрылсын.

3

3. Азаматтарды әскери есепке алу Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің (келісім бойынша) шақыру пунктінде өткізілсін.

4

4. Жылыой аудандық орталық ауруханасына (келісім бойынша):

1

1) аудандық дәрігерлік комиссия құрамына ауыстыру мүмкіндігін қарастырып, тиісті дайындығы бар тәжірибелі жоғары білімді медицина қызметкерлерінің, сонымен бірге есепке тіркелушілердің қан және зәр құрамын айыруға, кеуде органдарын рентгенологиялық зерттеу, жүрек соғысын бақылау электрокардиограмма (ЭКГ) үшін емдеу-профилактикалық мекемелерден қажетті мөлшерде орын бөлу;

2

2) аудандық шақыру пунктінің қажетті дәрі-дәрмектермен, дәрігерлік құрал-жабдықтармен, мүліктермен қамтамасыз етілуін бақылауға алу;

3

3) комиссия өту барысында анықталған дімкес жастармен 2008 жылдың 1-ші сәуіріне дейін емдеу-сауықтыру мекемелерінен қажетті орындар бөлу;

4

4) қайталап тексеруді акт жасақтау арқылы Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің (келісім бойынша) белгіленген мерзімде өткізу ұсынылсын.

5

5. Жылыой ауданы білім беру бөлімі Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі (келісім бойынша) белгіленген кестесіне сай оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізсін және жауапты адамдармен бірге әскери есепке тіркеу бөлімшесіне ұйымдастырылған күйде әкелсін.

6

6. Барлық поселке және селолық округ әкімдері жасөспірімдерді тұрғылықты жерінен әскери есепте тіркеу бөлімшесіне дейін және кейін қарай жеткізу үшін жабдықталған автокөліктермен қамтамасыз етсін.

7

7. Аудан көлемінде ұйымдардың, мекемелердің басшыларына 1991 жылғы туған азаматтардың тізімін Атырау облысы Жылыой ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімге тапсыру ұсынылсын.

8

8. «Жылыоймұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасына (келісім бойынша) Қосшағыл селолық округінің және Қаратон поселкесі әкімдерінің сұранысы бойынша жасөспірімдерді жаңа шақыру бөлімшесіне және кейін қарай жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлу ұсынылсын.

9

9. "Жылыойкөлік" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (келісім бойынша) Ақкиізтоғай және Майкөмген селолық округ әкімдерінің сұранысы бойынша кестеге сәйкес жасөспірімдерді шақыру бөлімшесіне және кейін қарай жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлу ұсынылсын.

10

10. "Құлсарымұнайқұбырлары" басқармасына (келісім бойынша) Қара-Арна және Жем селолық округ әкімдерінің сұранысы бойынша кестеге сәйкес жасөспірімдерді шақыру бөлімшесіне және кейін қарай жеткізу үшін қажетті автокөлік бөлу ұсынылсын.

11

11. Жылыой аудандық ішкі істер бөліміне (келісім бойынша) шақыру бөлімшесіне қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етіп, бой тасалап жүрген жасөспірімдерді іздестіруді ұйымдастыру ұсынылсын.

12

12. Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша) 2007 жылдың қаңтарынан 31 наурызына дейін 2-қосымшаға сәйкес техникалық қызметкерлер бөлінсін.

13

13. Атырау облысы Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөліміне (келісім бойынша):

1

1) 1991 жылы туған азаматтарды тіркеу жұмысының жүру барысын аудан басшылығына хабарлау;

2

2) 2008 жылдың сәуір айында аудандық әкімиятқа жасөспірімдердің шақыру бөлімшесіне тіркеу жұмысының қорытындысы және оларды әскери қызметке дайындау шаралары жөнінде хабарлама беру ұсынылсын.

14

14. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

15

15. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Сағиевке жүктелсін.
Келісілді:
Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы
«29» желтоқсан 2007 ж. А.Қоқатов
Жылыой аудандық ішкі і
стер бөлімінің бастығы
«29» желтоқсан 2007 ж. Б. Рахметов
Жылыой аудандық ауруханасының
бас дәрігері
«29» желтоқсан 2007 ж.
Т. Қалиев
Жылыой аудандық емханасының
бас дәрігері
«29» желтоқсан 2007 ж. Т. Қыдырбаев
«Құлсарымұнайқұбырлары»
басқармасының бастығы
«03» 01 2008 ж. А.Бешімов
«Жылыойкөлік» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің директоры
Қ.Надиров
«29» желтоқсан 2007 ж.
«Жылыоймұнайгаз» мұнайгаз өніру
басқармасының бастығы
«29» желтоқсан 2006 ж. А.Ғабдуллин
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы
Құлсары жол дистанциясы
филиалының бастығы
«29» желтоқсан 2006 ж. Б.Тайбеков
«Қазақстан Теміржолы Ұлттық
компаниясы» акционерлік қоғамы
«Құлсары сигнализация және
байланыс дистанциясы» филиалының
бастығы
«03» 01 2008 жыл С.Сейілханов

22

Аудандық әкімияттың 2007 жылғы
29 желтоқсандағы № 30 шешіміне
1 қосымша
Азаматтарды әскери есепке тіркеу жөніндегі комиссия ҚҰРАМЫ
Қоқатов Ардақ Құлымжанұлы -Жылыой аудандық қорғаныс
істері жөніндегі бөлім бастығы,
аудандық шақыру
комиссиясының төрағасы
(келісім бойынша)
Сағиев Мәжит Сағиұлы -аудан әкімінің орынбасары,
комиссия төрағасының
орынбасары
Таласбаева Қалау -мейірбике, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері
Ментаев Азамат Спатайұлы -Жылыой аудандық ішкі істер
бөлімі бастығының орынбасары
(келісім бойынша)
Тасымбаева Баян - дәрігер

23

Аудандық әкімияттың 2007 жылғы
29 желтоқсандағы № 30 шешіміне
2 қосымша
Әскери есепке тіркеу шарасына бөлінетін техникалық қызметкерлердің К Е С Т Е С І
р/с
Мекемелердің аттары
Техникалық қызмет
керлерінің
саны
Бөлінетін уақыт
1
Жылыой ауданы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі
10
қаңтар – 31 наурыз 2008 жыл
2
«Құлсарымұнайқұбырлары»
басқармасы (келісім бойынша)
1
қаңтар – 31 наурыз 2008 жыл
3
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Құлсары жол дистанциясы» филиалы (келісім бойынша)
1
қаңтар – 31 наурыз 2008 жыл
4
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының «Құлсары сигнализация және байланыс дистанциясы» филиалы (келісім бойынша)
1
қаңтар – 31 наурыз 2008 жыл