Құжат мәтініне өту

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 158 қаулысымен және 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 673 қаулысымен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардаргалерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасына" өзгерістер енгізу туралы

Қаулы · № 785 · қабылданған 03.08.2010
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/2008-20-n-158-2010-15-n-673-65/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 158 қаулысымен және 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 673 қаулысымен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардаргалерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасына" өзгерістер енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 785 ·03.08.2010
12.12.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.12.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 158 қаулысымен және 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 673 қаулысымен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардаргалерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасына" өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 785 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 158 қаулысымен және 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 673 қаулысымен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардаргалерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасына" өзгерістер енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 158 қаулысымен және 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 673 қаулысымен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардаргалерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасына" өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
785
Қабылданған күні
03.08.2010
Көрсетілген редакция
12.12.2012 · қолданыстағы AI54322_1.kaz
Соңғы өзгеріс
12.12.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V10LG000109
ЭКБ идентификаторы
54322
Редакция идентификаторы
AI54322_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 07:37

0 Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы N 158 қаулысымен және 2010 жылғы 15 сәуірдегі N 673 қаулысымен бекітілген "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардаргалерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасына" өзгерістер енгізу туралы

РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін -өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, "Әкімшілік рәсімдер туралы" заңының 8 бабына сәйкес және Қызылорда облысының Әділет департаментінің 2010 жылғы 9 шілдедегі N 2/4687 санды ұсынысының негізінде Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 20 тамыздағы "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдердің кейбір түрлерін төлеудің нұсқаулықтарын бекіту туралы" N 158 қаулысы (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2008 жылғы 27 тамыздағы N 10-7-60 болып тіркелген, аудандық "Жаңақорған тынысы" газетінің 2008 жылғы 30 тамыздағы N 69 санында ресми жарияланған) төмендегідей өзгеріс енгізілсін.
Көрсетілген қаулының "Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсанында аудандағы ардагерлеріне бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасының N 7 қосымшасының "Тағайындау және төлеу тәртібі" деген 3-ші бөлігінің 2) тармағындағы "Бір жолғы материалдық көмектерді казпоштадан бет есеп аштыру арқылы төленуге" деген сөздер "Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады" деген сөздермен ауыстырылсын.

2 Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасы 1. Жалпы қағида

2. Қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі                    Б. Еламанов
Жаңақорған ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 20 тамыздағы N 158
қаулысына N 6 қосымша (аудан
әкімдігінің 15.04.2010 жылғы
N 673 қаулысы енгізілген толықтыру
Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы қарсаңында аудандағы ардагерлерге бір жолғы материалдық көмек төлеу Қағидасы 1. Жалпы қағида
1.Осы Қағида Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 ақпандағы N 94 "Қазақстан Республикасында 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығын мерекелеуге және оны өткізу туралы" Қаулысына, Қызылорда облыстық мәслихаттың 2010 жылғы 31 наурыздағы XXVI сессиясының N 213 шешіміне сәйкес әзірленді және аудандағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға, облыстық бюджеттер арқылы берілетін бір жолғы берілетін материалдық көмектерді төлеудің тәртібін белгілейді.

2 2. Төлемдердің түрлері мөлшерлері

1 1) Бір жолғы материалдық көмек қаржылай

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан Соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әрқайсысына 50,0 мың теңгеден.

2 2)Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға әрқайсысына 25,0 мың теңгеден, сауықтыру (емделу) орындарына.

3 3) Үй жөндеу үшін бір жолғы материалдық көмекке.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әр қайсысына 50,0 мың теңгеден.

4 4)Мерекелік шеруге киетін киімге біржолғы материалдық көмекке. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлерінің әрқайсысына 15,0 мың теңгеден.

5 5) Мерекелік тағамдарға біржолғы материалдық көмекке.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне әрқайсысына 15,0 мың теңгеден;

6 6) Жол шығындарына біржолғы материалдық көмекке.

Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарынада тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға әрқайсысына 22,5 мың теңге біржолғы материалдық көмек төлеуге;

3 3. Тағайындау және төлеу тәртібі

1 1) Жәрдемақы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығы мерекесі

қарсаңында Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге отырмаған жесірлеріне, Ұлы Отан соғысы жылдарында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталған азаматтарға, біржолғы материалдық көмек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі нақты
тізімге байланысты төленеді.

2 2) Әлеуметтік төлемдерге арналған қаражаттар ай сайын әлеуметтік төлемдерді алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы немесе банк операцияларының тиісті түріне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар ұйымдар арқылы аударылады.

Қолданыстағы