2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
ҚАЗ2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- 2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- 2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 7-3
- Қабылданған күні
- 10.07.2008
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2008 · қолданыстағы 40908_374301.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VO000041
- ЭКБ идентификаторы
- 40908
- Редакция идентификаторы
- 40908_374301
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 13:07
0 2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116 бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3-3 (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-15-30, «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 9 ақпандағы № 7, 16 ақпандағы № 8, 23 ақпандағы № 9, 1 наурыздағы № 10, 8 наурыздағы № 11, 15 наурыздағы № 12, 22 наурыздағы № 13, 29 наурыздағы № 14 сандарында жарияланды) шешіміне «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2008 жылғы 25 ақпандағы № 4-3 (тіркеу нөмірі № 5-15-35 шешімімен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен, «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 5 сәуірдегі № 15, 12 сәуірдегі № 16 сандарында жарияланды) шешіміне, «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 5-3/1 (тіркеу нөмірі 5-15-38 шешімімен енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен, «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 24 мамырдағы № 22, 7 маусымдағы № 24 сандарында жарияланды) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай көлемде бекітілсін:
1 1) кірістер - 1706483 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 320943 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 400 мың теңге;
негізігі капиталды сатудан түсетін түсімдер -11900 мың теңге;
трансферттік түсімдер — 1373240 мың теңге;
2 2) шығыстар — 1751577 мың теңге;
3 3) бюджет тапшылығы (профициті) - 45094 мың теңге;
4 4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 45094 мың теңге.
2 2) 6 тармак төмендегідей мазмұндағы 6.1., 6.2. тармақшасы өзгертілсін:
6.1 6.1. Аудандық бюджетте облыс бюджеті қаражатынан қоршаган орта
эмиссиясының төлем ставкаларының ұлғаюына байланысты жергілікті бюджет шығындарының орнын толтыруға 5000 мың теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферт ұлғайтылған, соның ішінде: білім беру мекемелеріне - 4950 мың теңге, мәдениет мекемелеріне - 50 мың теңге.
Аудандық бюджетте жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмек көрсету үшін облыс бюджетінен жалпы сомасы 240 мың теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер азайтылсын, соның ішінде:
-75 мың теңге - 4 немесе одан да көп бірге тұратын кәмелеттік жасқа болмаған балалары бар көп балалы аналарға бір жолғы материалдық көмек көрсету;
-165 мың теңге - тұрмысы нашар отбасыларының балаларына жоғары оқу орындарында оқуға көмек көрсетуге (оқу ақысы, стипендия, жатақханада тұруға).
6.2 6.2. Аудандық бюджетте республикалық бюджет есебінен 1985 мың теңге көлемінде ағымдағы нысаналы трансферттер қарастырылған, соның ішінде:
-минималды еңбекақы көлемінің өсуіне байланысты жергілікті бюджет шығындарының орнын толтыру - 3242 мың теңгеге ұлғайтылсын;
-Электрондық Үкімет шеңберінде адамның капиталын дамыту - 1257 мың теңге азайтылсын;
3 3) Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы қаулы 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізіледі.
12 Көкпекті аудандық мәслихатының
2008 жылғы 10 шілдедегі № 7-3
шешіміне 1 қосымша