«2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- «2008 жылға арналған аудандық бюджет туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 3-3 шешіміне өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 9-3
- Қабылданған күні
- 21.10.2008
- Көрсетілген редакция
- 21.10.2008 · қолданыстағы 42169_378179.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.10.2008
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V08VO000043
- ЭКБ идентификаторы
- 42169
- Редакция идентификаторы
- 42169_378179
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 12:43
0 «2008 жылға арналған аудандық бюджет
туралы» 2007 жылғы 21 желтоқсандағы
№ 3-3 шешіміне өзгерістер және
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 116 бабына, Қазақстан
Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік
басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес
Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2007 жылғы 21 желтоқсандағы «2008
жылға арналған аудандық бюджет туралы» № 3-3 (Нормативтік құқықтық
актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 5-15-30, «Жұлдыз»
газетінің 2008 жылғы 9 ақпандағы № 7, 16 ақпандағы № 8, 23 ақпандағы № 9,
1 наурыздағы № 10, 8 наурыздағы № 11, 15 наурыздағы № 12, 22 наурыздағы
№ 13, 29 наурыздағы № 14 сандарында жарияланды) шешіміне «2008 жылға
арналған аудандық бюджет туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2008
жылғы 25 ақпандағы № 4-3 (тіркеу нөмірі № 5-15-35 шешімімен енгізілген
өзгерістері мен толықтыруларымен, «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 5 сәуірдегі
№ 15, 12 сәуірдегі № 16 сандарында жарияланды) шешіміне, «2008 жылға
арналған аудандық бюджет туралы» Көкпекті аудандық мәслихатының 2008
жылғы 21 сәуірдегі № 5-3/1 (тіркеу нөмірі 5-15-38 шешімімен енгізілген
өзгерістері мен толықтыруларымен, «Жұлдыз» газетінің 2008 жылғы 24
мамырдағы № 22, 7 маусымдағы № 24 сандарында жарияланды) шешіміне
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1 1) 1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
2008 жылға арналған аудандық бюджет 1 қосымшаға сәйкес мынадай
көлемде бекітілсін:
1 1) кірістер - 1705872 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер - 310918 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 425 мың теңге;
негізігі капиталды сатудан түсетін түсімдер -11900 мың теңге;
трансферттік түсімдер - 1382629 мың теңге;
2 2) шығыстар - 1750966 мың теңге;
3 3) бюджет тапшылығы (профициті) - 45094 мың теңге;
4 4) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) - 45094 мың теңге.
2 2) 6 тармақ төмендегідей мазмұндағы 6.1. тармақшасы өзгертілсін:
6.1 6.1. Көкпекті ауылында канализациялық желіліер және тазарту ғимараттарын салуға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге 13000 мың теңге лимиттер ұлғайтылды;
Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жеке санаттарына әлеуметтік көмекке 3611 мың теңге сомасына лимиттер кемітілді, оның ішінде азаматтардың кейбір санаттарына материалдық көмек көрсетуге (ҰОС ардагерлеріне, соғыс мүгедектеріне, соғыс ардагерлері және соғыс мүгедектерімен теңестірілгендерге, соғыс мүгедектеріне, соғыс ардагерлері және соғыс мүгедектерімен теңестірілгендерге, соғыс жесірлеріне)
-353 мың теңге, аз қамтылған отбасыларының балаларын жоғарғы оқу орындарында оқытуға – 3258 мың теңге.
3 3) Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес 1 қосымша жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім алғашқы жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
11 Көкпекті аудандық мәслихатының
2008 жылғы 21 қазандағы № 9-3
шешіміне 1 қосымша