Қолданыстағы ред. 16.07.2008 - 01.01.2008 (Редакция 40808_345457.kaz)

«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы от 16.07.2008 г. № 98 («Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы)

0

«Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 116-бабы және Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңның 6-бабы 1-тармағы 1) тармақшасына сәйкес, Науырзым аудандық әкімдігінің қаулысын қарай отырып, Науырзым аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне (мемлекеттік тіркеу 9-16-59, 2008 жылғы 11 қаңтардағы № 1 «Науырзым» газетінде жарияланған), «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2008 жылғы 18 қаңтардағы мәслихаттың № 48 (мемлекеттік тіркеу 9-16-60, 2008 жылғы 31 қаңтардағы № 3 «Науырзым» газетінде жарияланған), «Науырзым ауданының 2008 жылға арналған аудандық бюджеті туралы» 2007 жылғы 24 желтоқсандағы мәслихаттың № 16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «2008 жылғы 23 сәуірдегі мәслихаттың № 67 (мемлекеттік тіркеу 9-16-70, 2008 жылғы 13 мамырдағы № 12 «Науырзым» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«1-қосымшаға сәйкес 2008 жылға арналған аудандық бюджет келесі көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 716367 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 106155 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 905 мың теңге;
жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем - 270 мың теңге;
ресми трансферттерден түсетін түсімдер - 609037 мың теңге, оның ішінде:
ағымдағы мақсатты трансферттер - 51234 мың теңге;
мақсатты даму трансферттері - 83726 мың теңге;
субвенциялар - 474077 мың теңге;
2) шығындар - 720354,9 мың теңге;
3) бюджет дефициті - 3987,9 мың теңге, бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталған қаржы жылының басындағы бос қалдықтарын есебінен жабылатын шығындардың тапшылығымен - 3987,9 мың теңге.
1, 2, 4-қосымшалары жаңа редакцияда баяндалсын.
3-қосымша өзгеріссіз қалдырылсын.

2

2. Осы шешім 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

3. Науырзым ауданының 2008 жылға арналған бюджеті

Мәслихаттың
2008 жылғы 16 шілдедегі
төртінші шақырылған
кезекті бесінші сессия
№ 98 шешіміне
1-қосымша
Науырзым ауданының 2008 жылға арналған бюджеті

4. 2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі

Мәслихаттың
2008 жылғы 16 шілдедегі
төртінші шақырылған
кезекті бесінші сессия
№ 98 шешіміне
2-қосымша
2008 жылға арналған аудандық бюджеттің бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) іске асыруға және заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға немесе ұлғайтуға бағытталған бюджеттік бағдарламаларға бөлінген бюджеттік даму бағдарламаларының тізбесі

5. 2008 жылғы бекітілген бюджет бойынша селолық округ аппараттарын ұстауға арналған шығынның жинағы

Мәслихаттың
2008 жылғы 16 шілдедегі
төртінші шақырылған
кезекті бесінші сессия
№ 98 шешіміне
4-қосымша
2008 жылғы бекітілген бюджет бойынша селолық округ аппараттарын ұстауға арналған шығынның жинағы