Қолданыстағы ред. 07.05.2008 (Редакция 39880_237970.kaz)

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 10/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 6 ақпандағы № 12-9-68) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы от 07.05.2008 г. № 107/5 (Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 10/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 6 ақпандағы № 12-9-68) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы)

0

Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 10/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 6 ақпандағы № 12-9-68) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 14 тармағына, аудан әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы «аудан әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 91/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» № 106/5 қаулысына сәйкес, аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 10/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 6 ақпандағы № 12-9-68) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы Нұсқаулығының 2 тармағы келесі тармақшалармен толықтырылсын:
соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне газет пен журналдарға жазылуға;
соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің электр қуатын төлеуге;
соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің пәтерлерін жөндеуге;
соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне электр қазандығын сатып алуға.

2

2. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

3

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.