Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 10/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 6 ақпандағы № 12-9-68) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 31 бабы 14 тармағына, аудан әкімдігінің 2008 жылғы 6 мамырдағы «аудан әкімдігінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 91/4 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» № 106/5 қаулысына сәйкес, аудан азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 10/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 6 ақпандағы № 12-9-68) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы от 18.07.2008 г. № 164/7 (Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 10/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 6 ақпандағы № 12-9-68) қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы)
1. Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы «Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша 2008 жылы аудандағы жекелеген санаттағы қажет ететін азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету туралы» № 10/1 (мемлекеттік тіркеу нөмірі 2008 жылғы 6 ақпандағы № 12-9-68) қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген қаулымен бекітілген жекелеген санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік көмек көрсету тәртібі туралы Нұсқаулығының 2 тармағы келесі тармақшамен толықтырылсын:
- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтарға жеке ауланы дамытуға.
2. Бұл қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н.О. Сағандықовқа жүктелсін.