Құжат мәтініне өту

2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 3739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қаулы · № 4164 · қабылданған 05.06.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 01.01.2010 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-25-2009-no-3739/?version=AI46620_1.kaz
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 3739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған Қаулы ·№ 4164 ·05.06.2009
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 3739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗ2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 3739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған Қаулы ·№ 4164 · қабылданған 05.06.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 3739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Атауы (қаз.)
2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 3739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4164
Қабылданған күні
05.06.2009
Көрсетілген редакция
01.01.2010 · қолданыстағы AI46620_1.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
01.01.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09VM000059
ЭКБ идентификаторы
46620
Редакция идентификаторы
AI46620_1
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:58

0 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" № 3739 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II Заңының 31 бабы, 1 тармағы, 14 тармақшасына, Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту  туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 5, 7 – баптарына, Мемлекеттік басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы № 264 Қаулысына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 22 мамырдағы «Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі туралы» № 75 қаулысын іске асыру мақсатында, Катонқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Катонқарағай аудандық әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы «2009 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» № 3739 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің  мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 14 қаңтарында № 5-13-52 тіркелген) келесі толықтырулар енгізілсін:

Осы қаулымен бекітілген № 3 қосымшасы 15-21 тармақтарымен  төмендегі мәтінде толықтырылсын:
«15. Мектептер мен кәсіптік оқу мекемелерінің түлектері.
16. Өндірісті ұйымдастырудың өзгеруіне, соның ішінде қайта   ұйымдастыру және (немесе) жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты толық  емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтіндер.
17. Еңбекақысы сақталмайтын демалыстағы адамдар.
18. Жазғы каникул уақытындағы студенттер.
19. 50 жастан асқан әйелдер.
20. 55 жастан асқан азаматтар.
21. Ұзақ уақыт (бір жылдан астам) жұмыс істемейтін адамдар.».

2 2. Осы қаулы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 3. Осы қаулының жүзеге асырылуына бақылау жасау аудан әкімінің   орынбасары Қ.Қ. Сәдуовқа жүктелсін.