"Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 14-7
- Қабылданған күні
- 21.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 27.07.2010 · қолданыстағы AI47412_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.07.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VP000080
- ЭКБ идентификаторы
- 47412
- Редакция идентификаторы
- AI47412_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:44
0 "Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық
қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы
ережені бекіту туралы" 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ Заңының 6 бабына, «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 97 бабына сәйкес Тарбағатай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Тарбағатай аудандық мәслихатының «Тұрмысы төмен азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметке ақы төлеу үшін тұрғын үй жәрдемақыларын беру тәртібі туралы 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 10-8 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде 5-16-66 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 24 қаңтардағы Тарбағатай газетінде жарияланған) мынандай өзгерістер енгізілісін.
Жоғарыдағы аталған шешіммен бекітілген ережедегі 11 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын отбасының табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер береді.
18 тармақ алынып тасталсын;
22 тармақ алынып тасталсын;
23 тармақ алынып тасталсын;
Шешімдегі 3 тармақ келесі редакцияда жазылсын: «осы шешім жарияланғаннан кейін он күн тізбелік күннен соң қолданысқа енгізіледі».