"Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 848 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- "Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 848 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- "Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 848 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2407
- Қабылданған күні
- 01.02.2010
- Көрсетілген редакция
- 01.07.2013 · қолданыстағы AI50742_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V10LA000128
- ЭКБ идентификаторы
- 50742
- Редакция идентификаторы
- AI50742_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:09
0 "Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 848 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
"Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қызылорда қаласының Әділет басқармасының 2010 жылғы 5 қаңтардағы N 7 ұсынысына сәйкес Қызылорда қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Қызылорда қаласы халқын белсенді жұмыспен қамтудың түрлері туралы" Қызылорда қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 26 желтоқсандағы N 848 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-1-107 нөмірімен тіркелген, "Ақмешіт ақшамы" газетіне 2009 жылғы 30 қаңтарда N 6-7(600-601) сандарында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органдардың жолдамасымен жіберілген жұмыссыз азаматтарды кәсіби даярлауды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру мен қаржыландыру, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың, кәсіби мамандыққа диплом алған жұмыссыз жастарды тәжірибеден өткізуді ұйымдастыру, оқушы жұмыссыз жастарды қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру қағидаларындағы:
"жеке еңбек келісім шарты", "жеке келісім шарт", "келісім шарты" деген сөздер "еңбек шарты" деген сөздермен ауыстырылсын.