Құжат мәтініне өту

Сырым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» №6-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Өзге акт · № 7-3 · қабылданған 26.06.2008
Заңдық күші: Күшін жойған · 26.06.2008 редакциясы
https://adilet.kz/laws/2008-29-no6-5/?version=40987_322937.kaz
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Сырым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» №6-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 7-3 ·26.06.2008
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.

Сырым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» №6-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАЗСырым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» №6-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 7-3 · қабылданған 26.06.2008

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Сырым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» №6-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Атауы (қаз.)
Сырым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» №6-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7-3
Қабылданған күні
26.06.2008
Көрсетілген редакция
26.06.2008 · қолданыстағы 40987_322937.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
26.06.2008
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V08ZJ000050
ЭКБ идентификаторы
40987
Редакция идентификаторы
40987_322937
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 13:13

0 Сырым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» №6-5 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабын және аудан әкімиятының 2008 жылғы 29 мамырдағы №167 «Аудан әкімиятының 2008 жылғы 27 наурыздағы №106 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысына сәйкес Сырым аудандық мәслихатының сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1

1. Сырым аудандық мәслихатының 2008 жылғы 29 сәуірдегі «Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасын бекіту туралы» № 6-5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-10-47 03.06.2008ж) шешімнің 2 тарауының 11, 12 және 5 тараудың 26, 27 тармақшалары енгізіліп жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енсін.

3 Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы

Сырым аудандық мәслихатының
2008 жылғы 26 маусымдағы кезекті
VI сессиясының № 7-3 шешімімен
бекітілді
№1 қосымша
Азаматтардың кейбір санаттарына әлеуметтік төлем төлеу қағидасы

1 1. Жалпы қағидалар

1 1. Жеке санаттағы аудан азаматтарына әлеуметтік төлем ауданның аз қамтамасыз етілген, әлеуметтік қорғалмаған көмекті аса қажет ететін азаматтарына қажет етіледі.

2 2. Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен аспайтын және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарға көмек көрсетіледі.

3 3. Ауылдық округтегі комиссия жеке адамның материалдық жағдайын тексеруден өткізгеннен кейін әлеуметтік көмекті қажет етілетін болып танылады.

4 4. Қажеттілік себебіне байланысты бір адамға әлеуметтік төлем жылына бір реттен көп төленбейді.

5 5. Аз қамтылған азаматтарға әлеуметтік төлемді төлеу аудандық бюджеттен қаржыландыру арқылы қарастырылады.

2 2. Әлеуметтік төлем құқығы

6 6. Әлеуметтік төлемді ауданның тұрақты тұрғындары, әлеуметтік қорғауды қажет деп танылған азаматтардың алуға құқығы бар.

7

7. Әлеуметтік төлем алуға басымдылық құқығы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарға, кірісі кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға, туберкулез аурумен ауыратындарға, ауданның құрметті азаматтарына, аз қамтылған төменгі мөлшерден төмен азаматтарға қатты отын алу үшін, аз қамтылған жанұялар өртке ұшыраған жағдайда, аз қамтылған жанұялардың студентерінің оқуын төлеуге. Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің жесірлеріне.

8 8. Онан басқа бір жолғы әлеуметтік көмек алуға өмір сүруге ешбір қаражатсыз қалғандар, өздерінен тәуелсіз жағдайға ұшырағанда (өртте, ұзақ уақыт ауырған сәтте) алуға құқығы бар.

9 9. Отбасының кірісі кедейшілік шегінен аспайтын, азаматтардың тұрғын үйлерін жөндеуге, тұрғын үй салуға бір жолғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

10 10. Ауған соғысына қатысушылардың бір жолғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

11 11. Жаңадан келген дәрігер мамандардың бір жолғы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар.

12 12. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен катысушылары тістерін тегін протездеуге құқылы.

3 3. Әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі

13 13. Әлеуметтік төлем алуға үміткер азаматтар аудандық комиссия төрағасының атына, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жазбаша өтініш береді. Өтінішке қоса тізімде көрсетілген құжаттар беріледі.

14 14. Ауылдық округ әкімі өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеруге рұқсат бермесе әлеуметтік төлем төленбейді.

15 15. Аудан әкімі жанындағы аудандық комиссия өтінішті, тексеру актісін және басқа қажет құжаттарды қарайды және сәйкес шешім қабылдайды.

16 16. Ауылдық округ әкімі өтініш берушінің мәліметтерінің толықтығына жауап береді.

17 17. Аудандық комиссия әлеуметтік көмек керектігін анықтаған соң төлем мөлшерін анықтайды.

18 18. Әлеуметтік төлем аудан әкімі жанындағы комиссия шешіміне сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Жиынтық кірісті есептен шығару

19 19. Әлеуметтік төлем алу құқығын анықтау үшін өтініш берген айдын алдыңғы тоқсандағы отбасының жиынтық кіріс табысы есептеледі.

20 20. Отбасының жиынтық табысына отбасы мүшелерінің барлық табысы есептеледі.

5 5. Әлеуметтік төлем түрлері мен мөлшері

21

21. Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылғандарға кірісі, кедейлік шегінен аспайтын аз қамтылған азаматтарға, емделуге, туберкулез ауруымен ауратындарға, жерлеу үшін берілетін көмек, табысы жоқ азаматтарды құжаттандыру үшін зейнетақысы ең төменгі мөлшерден төмен болғанда қатты отын алу үшін, қорасы өртке ұшыраған жағдайда, аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерге жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін, Ұлы Отан соғысының жесірлеріне 10 000 теңгеге дейін бір жолғы материалдық көмек.

22 22. Үй өртенген жағдайда, аурулығына байланысты ақылы операция, емделуге дәрігердің жолдамасы болған жағдайда 100 000 мың теңгеге дейін бір жолғы материалдық көмек.

23 23. Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жылына бір рет 60 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек беруге.

24 24. Кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтардың тұрғын үй салуға, тұрғын үй жөндеуге 50 мың теңге көлемінде бір жолғы материалдық көмек беруге.

25 25. Ауған соғысына катысушыларына жылына бір рет коммуналдық қызмет төлемдеріне 50 пайыздық жеңілдік беруге.

26 26. Жаңадан келген дәрігер мамандарды көтермелеу мақсатында бір жолғы 200 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек беруге.

27 27. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен катысушыларына тістерін протездеу мақсатында 15 мың теңге материалдық көмек беруге.

6 6. Әлеуметтік көмек алуға өтініш берушілірдің беретін қажетті құжаттары.

28 28. Әлеуметтік төлемді қамтамасыз ету үшін мына құжаттар қажет:

1 1) Әлеуметтік көмек алуға өтініш берушінің өтініші;

2 2) Отбасының құрамы көрсетілген, жиынтық табысы көрсетілген ауылдық әкім жанындағы комиссия қол қойған зерттеу актісі;

3 3) Жұмыссыз отбасы мүшесі өлген жағдайда АХАЖ бөлімінен өлімі туралы куәлік көшірмесі (зейнетақы төлеу орталығынан жерлеу көмегі тиісті азаматтардан басқа).