«Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 23-11
- Қабылданған күні
- 16.06.2009
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.07.2009
- Көрсетілген редакция
- 08.06.2011 · қолданыстағы AI46865_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.06.2011
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09GI000077
- ЭКБ идентификаторы
- 46865
- Редакция идентификаторы
- AI46865_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:55
0 «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңының 97 бабының 2 тармағына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылдың 25 маусымында № 6-9-61 болып тіркелген, 2008 жылдың 2 шілдесіндегі № 52 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған); «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі № 12-4 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылдың 25 маусымында № 6-9-66 болып тіркелген, 2008 жылдың 8 қазанындағы № 80 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған); «Табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін бекіту туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 3 маусымдағы № 8-3 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Сарысу аудандық мәслихатының 2008 жылғы 9 желтоқсандағы № 16-5 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тізілімінде 2008 жылдың 29 желтоқсанында № 6-9-69 болып тіркелген, 2009 жылдың 10 қаңтарындағы № 3-4 аудандық «Сарысу» газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешіммен бекітілген табысы аз отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жайларын ұстауға және коммуналдық қызметтерді пайдаланғаны үшін тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен Тәртібінің:
2 тармағындағы «15 (он бес)» деген сан және сөз «30 (отыз)» деген санмен және сөзбен ауыстырылсын.