Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Атауы (қаз.)
- Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 400
- Қабылданған күні
- 29.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2010 · қолданыстағы AI48568_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09ZK000106
- ЭКБ идентификаторы
- 48568
- Редакция идентификаторы
- AI48568_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:08
0 Аудан әкімдігінің 2008 жылғы 30 мамырдағы "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" № 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа алып, "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңына сәйкес, аудандық деңгейде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-70 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 шілдеде "Екпін" газетінде жарияланған), 2009 жылғы 31 шілдедегі N 284 Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-101 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 18 қыркүйекте N 51-52 "Екпін" газетінде жарияланған), 2009 жылғы 30 қыркүйектегі N 373 Аудан әкімдігінің "Мемлекеттік қызмет көрсетудің кейбір стандарттарын бекіту туралы" 2008 жылғы 30 мамырдағы N 138 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-11-102 нөмірімен тіркелген, 2009 жылғы 23 қазанда N 58-59 "Екпін" газетінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
1
1) Осы қаулының 12 қосымшасының 5-1 тармақшасы "қорытындысы." деген сөзден кейін "Кеңестік Социалистік Републикалар Одағы кезіндегі "Ленин" орденінің иегерлерінің куәлігі, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Мемлекеттік сыйлығы лауреаттарының куәлігі, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметі үшін берілген құрметті атақ иегерлерінің куәлігі, Семей ядролық сынақ полигонындағы апаттың салдарынан зардап шеккен мүгедектердің куәлігі" деген сөздермен толықтырылсын.